1.  «Оңтүстік Ќазақстан мемлекеттік археологиялық экспедициясының» базасындағы «Отырар тарихи қорығы»;
  2. Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық паркі;
  3. Шымкент қ. №64 Ж. Аймауытов атындағы көп салалы гимназия мектебі;
  4.  Қаратау а. №9 Д.Нұрпейісова атындағы №9 орта мектеп;
  5. С.Рахимов атындағы жалпы орта мектеп;
  6. Шымкент қ., №103 жалпы орта мектебі;
  7. Шымкент қ., Саттар Ерубаев ат. №24 мектеп-лицейі;
  8. ОҚО Статистика департаменті;
  9. ОҚО ішкі саясат басқармасы, Әлеуметтік бастамалар орталығы, Дін істері басқармасы;
  10. ОҚО мемлекеттік мұрағаты;
  11. Облыстық тарихи өлкетану мұражайы.

Кафедра меңгерушісі

Тапалов Дүйсенбек Жәнібекұлы

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

 

Өмірбаяны

Тапалов Дүйсенбек Жәнібекұлы – 1953 жылы 2 қазанда қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Жиенқұм ауылында дүниеге келген. 1979 жылы С.Б.Киров ат. университетінің «Тарих» факультетін (Әл-Фараби ат. ҚазҰМУ) бітірді. 1980 жылдан бастап Қазақ химия-технологиялық институтында ұстаздық еңбегін бастады.

Осы жылдар ішінде білім және тәрбие жұмысымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша оқу әкімдігі тарапынан жүргізетін қоғамдық-саяси іс-шараларға белсене қатысып келеді. Облыстық әкімшіліктің «Ақпараттық насихаттың» топ мүшесі, «Облыстың үздік лекторы» номинациясының иегері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының  академигі, тележурналист, «Қазақстан-Шымкент» телеарнасында ОҚО әкімдігінің Дін Істері Басқармасының  тапсырысы бойынша «Мемлекет. Қоғам. Дін» хабарының жүргізушісі, «Ұлы дала дастаны» атты авторлық бағдарламаның жүргізушісі; облыс және республика көлемінде түрлі ғылыми-тәжірибелік конгресстер мен конференцияларға және халықаралық конференцияларға белсене қатысушы; қоғамдық-саяси саланың белсенді насихатшысы. Республикалық және облыстық баспасөзде ұлт тарихы, салт-дәстүр, дін мәселелері бойынша көптеген мақалалар  жариялап, жас ұрпақ тәрбиесіне белсенді үлес қосып келеді. Оқу-тәрбие ісіндегі тынымсыз еңбегі облыс әкімдігі және М.Әуезов ат. ОҚМУ, Шымкент Университетінің басшылығы тарапынан бағаланып, арнайы грамоталармен марапатталған.

Ғылыми еңбектері: 200 жуық ғылыми мақалалар мен монография, 2 оқу құралының авторы.

2007 жылдан бері Шымкент университетінде қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда аталған университеттің «Қазақстан тарихы, қоғамдық пәндер және география» кафедрасының меңгерушісі.


Басшылық

Мамандықтар сипаттамасы

Өндірістік іс-тәжірибе базасы

      «Қазақстан тарихы, қоғамдық пәндер және география» кафедрасы 2001 жылы «Заң және саяси ілімдер» кафедрасы болып құрылды. Кафедра меңгерушісі болып Н. Жұбат тағайындалып, кафедра құрамы тарих, география, заң және әлеуметтік- гуманитарлық пәндер  бойынша жұмыс жүргізді. 2002 жылы «Заң және саяси ілімдер» кафедрасының құрамынан «Тарих және география» кафедрасы болып бөлініп шықты.

2002-2009 жылдар аралығында кафедра меңгерушілігін г.ғ.к., профессор М.А.Алтаев, ф.ғ.к., профессор М.Мамытов, т.ғ.к., доцент Г.Тілеуқұлов, т.ғ.к., доцент С.Айкөзов, г.ғ.к. С.Құрбаниязов атқарды. 2010 жылы кафедра  меңгерушісі болып т.ғ.к., доцент Тапалов Д.тағайындалды.

Кафедра «Тарих», «География», «Әлеуметтану» мамандықтарын дайындайды.

           Кафедра оқытушылары өздерінің жұмыс жоспарларындағы ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстар бөлімінде өз секциясының тақырыбы негізінде ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізіп келеді. Профессор – оқытушылардың жетекшілігімен «Жас географ» және «Жас алаш» студенттік ғылыми ізденіс үйірмелері жұмыс атқарып келеді, үйірмеге қатысатын студенттер жазған мақалалар мен баяндамалар республикалық және облыстық деңгейдегі түрлі конференциялар мен конкурстарға ұсынылып жүлдегерлер қатарынан көрініп отыр.   Сондай-ақ кафедрада гимназия-мектептермен келісімшарт негізінде ғылыми-әдістемелік семинарлар өткізуде. Атап айтар болсақ, Шымкент қаласындағы №64 Ж. Аймауытов атындағы көп салалы гимназия мектебі, Қаратау ауданындағы №9 Д.Нұрпейісова атындағы және С.Рахимов атындағы жалпы орта мектептерімен келісім-шарт жасалынды.

 Студенттерге «Отан тарихы» мұражайының арнайы класын ашу жоспарлануда.

 

       Әр оқу жылында «Тарих» мамандығының І курс студенттері оқу (археологиялық-этнографиялық) іс-тәжірбие  келісім-шарт  бойынша  Сайрам  ауданында өлкетану мұражайында  және  Ордабасыдағы  ескі  Шымкент  қаласының  орнында  сондай-ақ, Шымкент қаласы мен облыстың мұрағаттары мен мұражайларында өткізіледі. «Сайрам», «Ќажымұқан» мұражайларына, «Арыстанбаб», «Х.А.Яссауи» кесенелеріне, «Ордабасы», «Отырар» тарихи қорықтарына саяхат пен экскурсиялар ұйымдастырылуда. 2011 ж. бастап 1 –курс «Тарих» мамандығының студенттерінің  археологиялық іс-тәжірибесі әлемге танымал көрнекті ғалым, К.М. Байпақов басқаратын «Оңтүстік Ќазақстан мемлекеттік археологиялық экспедициясының» базасында «Отырар тарихи қорығында» келісім-шарт бойынша өтетін болады.  

Ќазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Ќазақстан халқына Жолдауына байланысты кафедра деңгейінде студенттермен «Дөңгелек стол» басында талқылау ұйымдастырылған. «Халықаралық терроризм және Ќазақстан» атты тақырыпта бас қосу дөңгелек столы, «СПИД–ХХІ ғасыр обасы» мамандардың сұхбаты ұйымдастырылып отырады. «Желтоқсан құрбандарын еске алу» рәсімі ұйымдастырылып, мерекелік даталарға байланысты әр топтарда тәлімгерлік сағаттар өткізіліп тұрады.

        Мамандықтағы студенттер кітапхана, оқу залы және спорт кешенімен, жатақханамен, асханамен, медициналық бөліммен толық қамтамасыз етілген. Мамандықтың 44 орындық оқу залы бар. Кітапхана мен оқу залдарындағы оқу және оқу-әдістемелік құралдар мен ғылыми әдебиеттер кешені жинақталған.   

      Кафедраның профессор–оқытушылар құрамы студенттерге жаңа технологиялар негізінде сапалы білім мен өнегелі тәрбие беруде және оқу әдістемелік және ғылыми бағыт бойынша жемісті еңбек етуде.


5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген түлекке қазақ тілі мен әдебиеті бакалавары академиялық  дәркжесі беріледі. Түлектердің біліктілігі және лауазымдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 21.11.2002 ж №273-П бұйрығымен бекітілген «Жетекшілердің, мамандардың және басқада қызметкерлердің біліктілік анықтамасына» сай анықталды. Олар жалпы білім беретін мектептерде, лицей, колледж, гимназияларда қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерде кіші ғылыми қызметкер, аудармашы қызметтерін атқара алады.

 

5В011800- Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген түлекке орыс тілі мен әдебиеті бакалавр академиялық дәрежесі беріледі. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 21.11.2002ж №273-П бұйрығымен бекітілген «Жетекшілердің, мамандардың, және де басқада қызметкерлердің біліктілік анықтамасына» сай анықталды. Олар жалпы білім беретін мектептерде, лицей, колледж, гимназияларда орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі, жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерде кіші ғылыми қызметкер, аудармашы қызметтерін атқара алады.

 

5В011900-Шет тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша бакалавриатты бітірушіге білім бакалавры (шетел тілдері) академиялық дәрежесі беріледі. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің 22.11.2002ж №273-П бұйрығымен бекітілген лауазымды жетекшілер, мамандар мен басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамалығының біліктілік талаптарына сәйкес бакалавр белгңленген тәртіп бойынша мамандығына байланысты негізгі және мамандандырылған шетел тілінен дайындығына сәйес кәсіби қызметтерін атқара алады.

 

5В012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген түлекке қазақ тілі мен әдебиеті бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Түлектердің біліктіліктерімен лауазымдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің  21.11.2002ж. №273-П бұйрығымен бекітілген « Жетекшілердің, мамандардың және басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамасына» сай анықталды. Олар жалпы білім беретін мектептерде, лицей, колледж, гимназияларда қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, жоғары оқу орындары мен ғылыми қызметкер, аудармашы қызметтерін атқара алады.


                               

 

«Филология» кафедрасының меңгерушісі
ф.ғ.к., доцент м.а. Ботабаева Ж.Н.
 
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Ботабаева Жанна Нуралиевна 25.06.1970 жылы туылған. 1993 жылы Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің Шымкент педагогикалық институтының «Ұлттық мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығын үздік  дипломмен бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы Шымкент қаласында бастаған. 1993ж. Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің Шымкент педагогикалық институтында аға оқытушы болып қызмет істеді. 2006 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде кандидаттық диссертациясын  қорғап, филология ғылымдарының кандидаты деген ғылыми дәрежесін алды. Ботабаева Жанна Нуралиевна 40-тан астам ғылыми мақалалар мен оқу әдістемелік еңбектердің авторы. Алыс және жақын шетелдік, халықаралық, республикалық, аймақтық конференцияларға үздіксіз қатысып отырады.
Университеттегі білім сапасын арттыруға, инновацияны, ғылымды дамыту мақсатында ғылыми жобаларға қатысуды ұйымдастырып, әр жыл сайын профессор-оқытушылар арасында және студенттік конференцияларды ұйымдастырып отырады.

 

Мамандықтар сипаттамасы

Өндірістік іс-тәжірибе базасы

Филология кафедрасы 2001 жылы құрылды. Кафедра меңгерушісі болып ф.ғ.к. доцент З.К.Керімбаева тағайындалып, кафедра құрамында қазақ, ағылшын және орыс тілі мамандықтары бойынша жұмыс жүргізілді. 2002 ж. Кафедра “Қазақ тілі мен әдебиеті ” болып бөлініп шықты. 2002-2008 жж аралығында кафедра меңгерушілігін ф.ғ.к. доцент З.К. Керімбаева, ф.ғ.к., профессор Қ.Молдабек, аға оқытушы З. Оразалиева, ф.ғ.к. аға оқытушы С.Е. Керімбаевалар атқарды. 2008 жылы “Қазақ тілі мен әдебиеті ” кафедрасының атауы өзгеріп “Филологиялық пәндер” кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедрасы меңгерушісі болып ф.ғ.к. аға оқытушы Ботабаева Жанна Нұралықызы тағайындалды. 2009 жылдың 1 қыркүйегінен бастап кафедраны ф.ғ.к. аға оқытушы Керімбаева Сания Есенгелдіқызы басқарды. 2010 жылдың 1қыркүйегінен бастап “Филологиялық пәндер” кафедрасы мен “Шетел филологиясы” кафедрасы бірігіп, “Филология” кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедраны 2010-2012 оқу жылдарында ф.ғ.к. аға оқытушы Нұрлыбаев Нұржан Мәдірайұлы басқарды. 2012-2013 оқу жылында ф.ғ.к., доцент м.а Керімбаева Сания Есенгелдіқызы қайта тағайындалды. 2015-2016 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісі болып ф.ғ.к,. аға оқытушы Нұрымова Қарлығаш  Убайдуллақызы тағайындалып, қазіргі күнге дейін басқарып келеді. Кафедра құрамына 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиет, 5В01180-Орыс тілі мен әдебиеті, 5В012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, 5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі мамандықтары кіреді. Сонымен қатар кафедрада 6М011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магистрлер даярлап шығарады.

 

 

 

 

 

 


 

 

Туылған күні: 23.07.1975
Туылған жері: ОҚО, Сайрам ауданы
Азаматтық: Қазақстан Республикасының азаматы
Отбасылық жағдайы: тұрмыс құрған, 3 баланың анасы
 
Білімі:
Жоғарғы: Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Оқу мерзімі: 1993-1997
Бағдарлама: Қазақ тілі және әдебиеті
 
Ғылыми және академиялық дәреже:
Педагогика ғылымдарының кандидаты

Мамандық тәжірибесі:

1997-2004 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы.

2004-2012 жылдар аралығында Халықаралық қазақ-түрік университеті сырттай оқу бөлімінің аға методисті.

2012-2016 жылдары  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті магистратуралық бөлімінде методист.

2016-2017 жылдары Түркістан қаласындағы Тұран колледжінің директоры.

2017 жылдан бастап Шымкент университетінің гуманитар-педогогикалық факультетінің деканы қызметінде жұмыс атқарады.

Факультет тарихы

 Гуманитарлы-педагоргикалық факультетінің тарихы 2001 жылдан басталады. Факультеттің құрылымдық бөлімдер туралы ережесінде мәртебе, тағайындау, құрылым, бөлімдерінің негізгі қызметі мен өкілеттігі, жауапкершілік пен құқықтары, басқа бөлімдермен өзара әрекеті белгіленген.

Факультет қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларына сәйкес лауазымға тағайындалған қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары, лауазымдық қызметтері, құқықтарымен жауапкершілігі анықталған.

ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2010 жылдың 03 ақпанда берілген АБ сериалы №0137423 мемлекеттік лицензиясының қосымшасына сәйкес, «Гуманитарлы-құқық» факультеті 3 бағытта бакалавриаттық 9 мамандық және магистратураның 1 мамандығы бойынша дайындауды жүзеге асырады.

 

Гуманитарлы-педагогикалық факультетінің дайындайтын бакалавриат мамандықтарының тізімі

Бакалавриат мамандықтары


Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61