«Сапалы білім және инклюзивті оқыту әдістері» атты ғылыми-әдістемелік семинар

 2026 жылғы 28 қыркүйекте «Педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен Тұрақты даму мақсаттары аясында «Сапалы білім және инклюзивті оқыту әдістері» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Семинарға Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың «Тифлология» бөлімінің меңгерушісі Бакиев Ербек Мейрамбайұлы арнайы шақырылған спикер ретінде қатысып, тақырып бойынша мазмұнды баяндама жасады.
Іс-шара барысында сапалы білім беруді қамтамасыз етуде инклюзивті оқыту әдістерін тиімді қолдану, білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларға қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Семинар білім алушылардың инклюзивті білім беру саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға, заманауи оқыту әдістері туралы түсініктерін кеңейтуге және педагогикалық тәжірибеде тиімді әдістерді қолдану дағдыларын дамытуға бағытталды.
Семинар соңында спикер Бакиев Ербек Мейрамбайұлына мазмұнды баяндамасы мен ғылыми-әдістемелік жұмысты дамытуға қосқан үлесі үшін университет ректорының Алғыс хаты табысталды.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы