Педагогика және психология кафедрасы
Алпеисова Назгуль Ашималиевна
30.10.1968 жылы Жамбыл Облысында дүниеге келді. 1975-1985 ж Жамбыл облысы, Лугавой стансасы №33 Т. Рыкулов атындағы орта мектепте білім алған. 1986 жылы Жезқазған педагогикалық института «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша түсіп, 1991жылы «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының академиялық дәрежесі алды.
2002 жылы Орталық Азия гуманитарлық экономикалық институтына мұғалім болып қабылданған.
2007 жылы аға оқытушы дәрежесі берілді.2011 жылы ҚР Білім және Ғылым бақылау комитетінің шешімімен «Психология» Ғылымының кандидаты дәрежесі берілді.
2011 жылы Сарыағаш гуманитарлық-педагогикалық колледжіне психология пәнінің оқытушысы болып жұмысқа қабылданды.
2012жылы Шымкент университеті «Педагогика және психология» кафедрасына аға оқытушылық қызметіне қабылданды.
Педагогика және психология кафедрасы өз алдына дербес құрылым ретінде Шымкент университетінің құрамында 2001 ж. ашылған. Кафедраның алғашқы меңгерушісі танымал ғалым, п.ғ.к., доцент М.Мухамеджаров болды. Сонымен қатар кафедраны п.ғ.к., доцент Ж. Ысқақов, аға оқытушы Д. Муталиев, педагогика және психология ғылымдарының докторы, профессор Е. Омар, п.ғ.д., профессор Қ.Т. Атемова, п.ғ.к., доцент Г.И. Махмутова, п.ғ.к. Қ.Ә.Ибрагимов, п.ғ.к З.Ә. Зубайраева басқарды. Қазіргі уақытта кафедра педагогика факультетінің құрамына еніп, оны п.ғ.к., доцент м.а. Ж.С.Сихынбаева басқарады. Кафедрада ғылым докторы, ғылым кандидаттары, магистр-аға оқытушылар еңбек етуде.
Біліктілікті жоғарылату жұмыстары. «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушылары тұрақты түрде біліктіліктерін жоғарылатады, оқыту семинарларына қатысады, республикалық, жақын шетелдердегі және алыс шетелдердегі ЖОО іс-сапарларға барады.
«Педагогика және психология» кафедрасының ұстаздары белгілі шетел оқу орындарының семинар-тренингтеріне және біліктілікті көтеру курстарына қатысып қайтты. Атап айтқанда, 2014 жылы ғылыми-зерттеу лабораторияларымен және ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістемелерімен танысу мақсатында кафедра меңгерушісі Ж.С.Сихынбаева Ресей жаратылыстану (Москва, Ресей); академиясында болып қайтты; 2014 жылы п.ғ.к. Ж.С.Сихынбаева Балыкесир (Балыкесир қ. Түркия) университетінде, біліктіліктерін көтеру курсынан өтіп қайтты.
Оқу әдістемелік жұмыстары. Кафедра оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері оқу үрдісіне ендірілген. Ж.С.Сихынбаеваның «Студент жастардың экологиялық білімін арттырудың ғылыми-педагогикалық негіздері» монографиясы, «Экологиялық білім беру және дүниетаным» атты оқу құралы, Д.К.Муталиев, А.Д.Алдияров, А.Т.Арыковалардың «Психологические основы педагогической деятельности» пәнінен лекциялар жинағы, Ж.С. Сихынбаеваның «Педагогические технологии в образовании», «Основы формирования профессиональной компетенции будущих учителей», «Общая психология» атты оқу құралдары бар.
«Педагогика және психология» кафедрасы білім алушылардың кәсіби құзіреттерін жетілдіруге бағытталған оқу, өндірістік тәжірибелерден өтуге арналған мекемелермен келісім шарттар түзілген.
Кафедраға қарасты 8 оқу дәрісхана заманауи құрылғылармен, көрнекілік құралдарымен және аспаптармен және т.б. жинақталған. Еңбек нарығының талаптарына сәйкес келеді.
Білім алушылардың қоғамдық, құқықтық, ақпараттық, қатысымдық құзіреттіліктерін қалыптастыру оқу үдерісімен қатар сабақтан тыс іс-әрекеттермен жүзеге асырылады. Институт тарапынан бұл үдерісті басқару мен жетілдіруге қажетті материалды-техникалық, кадрлық ресурстармен түгел қамтылған.
Педагогика факультетінің студенттері ай сайынғы студенттер алаңында өткізілетін мерекелік іс-шараларға белсене қатысады. Сондай-ақ, ақын жазушылар мен мәдениет қайраткерлерімен кездесіп отырады.
Кафедра оқытушылары халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға белсенді түрде қатысады және зерттеу жұмыстарының нәтижелері ғылыми журналдарда, ғылыми-конференциялар, сонымен қатар шетелдік, материалдарының жинақтарында жарияланады.
Кафедра мүшелерінің академиялық басылымдар мен импакт-факторы 0-ден жоғары журналдарға, Республика көлеміндегі және алыс, жақын шет елдерге ғылыми мақалалар жариялау жұмыстары жүргізілуде.