Жас ғалымдар кеңесі
Жас ғалымдар кеңесі (ЖҒК) – Шымкент университетінің ректорының тапсырмасы бойынша құрылды және әлеуметтік бірлестік болып табылады. Кеңес қызметі Шымкент университеті жас ғалымдарын ғылыми -зерттеулер мен инновациялық қызметтерге қатысу арқылы шығармашылық ғылыми белсенділігін дамытуға көмек көрсету.
Шымкент университеті Жас ғалымдар жұмысы бекітілген ЖҒҚ жоспары бойынша жүзеге асырылып, оның шеңберінде келесі іс-шаралар орындалады:
• ғылыми-техникалық шығармашылық және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жүзеге асыруға көмектесетін талантты жастардың бастамаларын қолдау;• университеттің жас ғалымдар қауымдастығы, ғылыми –зерттеу процесінде олардың қызығушылығын танытып, қызметін қолдау;• жас ғалымдар қауымдастығы арасында шығармашылық байланыс орнату;• материалдарды, семинарларды, конференцияларды және симпозиумдарды жариялау арқылы тәжірибе мен ақпарат алмасу;• жас ғалымдардың үздік тәжірибелерін және ғылыми-техникалық жетістіктерін қалпына келтіру және тарату;
- жас ғалымдардың ғылыми қызметінің ұйымдастырылуы мен қаржылық қолдау көрсетілуіне және олардың Қазақстан мен шетелдерде өткізілетін түрлі ғылыми-зерттеу жобаларына, бағдарламаларға, ғылыми тағылымдарға, конкурстарға, ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысуына ықпал ету;
- жас ғалымдардың ғылыми зерттеулеріне қолдау көрсететін (грант бөлетін) ғалами жобалар, бағадарламалар мен қорлар туралы, елімізбен шетелдегі ғылыми және білім беру орталықтары, сондай-ақ Қазақстан мен алыс және жақын шетелдерде өткізілетін бейінді іс-шаралар (конференциялар, семинарлар) туралы ақпарат беру;
- уздік ғылыми-тиехникалық өнім конкурсын, ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізуге ықпал ету, жас ғалымдарға ғылыми мақалалары мен баяндамаларын жариялауға көмек көрсету;
Жас ғалымдар кеңесі құрамына 42 жас ғалым, оның ішінде 18 магистрлер кіреді.