Педагогика факультеті
Факультет тарихы
Педагогика факультетінің тарихы, ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Шымкент университетіне білім беру қызметіне берген мезгілі шектелмеген, мемлекеттік лицензия (серия АА №0000175) 2001 жылдан басталады.
Факультеттің құрылымдық бөлімдер туралы ережесінде мәртебе, тағайындау, құрылым, бөлімдерінің негізгі қызметі мен өкілеттігі, жауапкершілік пен құқықтары, басқа бөлімдермен өзара әрекеті белгіленген.
Факультет қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларына сәйкес лауазымға тағайындалған қызметкерлерге қойылатын квалификациялық талаптар, лауазымдық қызметтері, құқықтарымен жауапкершілігі анықталған.
ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2010 жылдың 03 ақпанда берілген АБ сериалы №0137423 мемлекеттік лицензиясының қосымшасына сәйкес, «Педагогика» факультеті 4 бағытта бакалавриаттық 13 мамандық және магистратураның 3 мамандығы бойынша дайындауды жүзеге асырады.
Педагогика факультетінде даярланатын бакалавриат
мамандықтарының тізімі
№ |
Мамандық коды |
Мамандықтың аталуы |
1 |
5В010200 |
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі |
2 |
5В010300 |
Педагогика және психология |
3 |
5В010600 |
Музыкалық білім |
4 |
5В010700 |
Бейнелеу өнері және сызу |
5 |
5В010800 |
Дене шынықтыру және спорт |
6 |
5В010900 |
Математика |
7 |
5В011100 |
Информатика |
8 |
5В011200 |
Химия |
9 |
5В011300 |
Биология |
10 |
5В060700 |
Биология |
11 |
5В070400 |
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету |
12 |
5В080100 |
Агрономия |
13 |
5В012000 |
Кәсіптік оқыту |
Педагогика факультеті шығарушы магистратура
мамандықтарының тізімі
№ |
Мамандық коды |
Мамандықтың аталуы |
1 |
6М010300 |
Педагогика және психология |
2 |
6М010900 |
Математика |
3 |
6М011100 |
Информатика |
Факультет ұжымы өз мамандығы мен университетіне берілген жауапкершілікті, жоғары шығармашылықты және ғылыми-әдістемелік потенциалға ие. Факультет студенттеріне тәжірибелі ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары дәріс жүргізеді. Қазіргі уақытта факультет еңбек нарығының талаптарына толық жауап беретін, профилі, құзіреттілігі мен мамандығы бәсекелесе алатын, академиялық орта құруға бағдарланған. Басымдылығы иновациялық типтегі ЖОО қалыптастыру болып табылатын университеттің даму стратегиясы мен миссиясын орындауда.