Қазақстан тарихы, қоғамдық пәндер және география кафедрасы
«Қазақстан тарихы, қоғамдық пәндер және география» кафедрасы 2001 жылы «Заң және саяси ілімдер» кафедрасы болып құрылды. Кафедра меңгерушісі болып Н. Жұбат тағайындалып, кафедра құрамы тарих, география, заң және әлеуметтік- гуманитарлық пәндер бойынша жұмыс жүргізді. 2002 жылы «Заң және саяси ілімдер» кафедрасының құрамынан «Тарих және география» кафедрасы болып бөлініп шықты.
2002-2009 жылдар аралығында кафедра меңгерушілігін г.ғ.к., профессор М.А.Алтаев, ф.ғ.к., профессор М.Мамытов, т.ғ.к., доцент Г.Тілеуқұлов, т.ғ.к., доцент С.Айкөзов, г.ғ.к. С.Құрбаниязов атқарды. 2010 жылы кафедра меңгерушісі болып т.ғ.к., доцент Тапалов Д.тағайындалды.
Кафедра «Тарих», «География», «Әлеуметтану» мамандықтарын дайындайды.
Кафедра оқытушылары өздерінің жұмыс жоспарларындағы ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстар бөлімінде өз секциясының тақырыбы негізінде ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізіп келеді. Профессор – оқытушылардың жетекшілігімен «Жас географ» және «Жас алаш» студенттік ғылыми ізденіс үйірмелері жұмыс атқарып келеді, үйірмеге қатысатын студенттер жазған мақалалар мен баяндамалар республикалық және облыстық деңгейдегі түрлі конференциялар мен конкурстарға ұсынылып жүлдегерлер қатарынан көрініп отыр. Сондай-ақ кафедрада гимназия-мектептермен келісімшарт негізінде ғылыми-әдістемелік семинарлар өткізуде. Атап айтар болсақ, Шымкент қаласындағы №64 Ж. Аймауытов атындағы көп салалы гимназия мектебі, Қаратау ауданындағы №9 Д.Нұрпейісова атындағы және С.Рахимов атындағы жалпы орта мектептерімен келісім-шарт жасалынды.
Студенттерге «Отан тарихы» мұражайының арнайы класын ашу жоспарлануда.
Әр оқу жылында «Тарих» мамандығының І курс студенттері оқу (археологиялық-этнографиялық) іс-тәжірбие келісім-шарт бойынша Сайрам ауданында өлкетану мұражайында және Ордабасыдағы ескі Шымкент қаласының орнында сондай-ақ, Шымкент қаласы мен облыстың мұрағаттары мен мұражайларында өткізіледі. «Сайрам», «Ќажымұқан» мұражайларына, «Арыстанбаб», «Х.А.Яссауи» кесенелеріне, «Ордабасы», «Отырар» тарихи қорықтарына саяхат пен экскурсиялар ұйымдастырылуда. 2011 ж. бастап 1 –курс «Тарих» мамандығының студенттерінің археологиялық іс-тәжірибесі әлемге танымал көрнекті ғалым, К.М. Байпақов басқаратын «Оңтүстік Ќазақстан мемлекеттік археологиялық экспедициясының» базасында «Отырар тарихи қорығында» келісім-шарт бойынша өтетін болады.
Ќазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Ќазақстан халқына Жолдауына байланысты кафедра деңгейінде студенттермен «Дөңгелек стол» басында талқылау ұйымдастырылған. «Халықаралық терроризм және Ќазақстан» атты тақырыпта бас қосу дөңгелек столы, «СПИД–ХХІ ғасыр обасы» мамандардың сұхбаты ұйымдастырылып отырады. «Желтоқсан құрбандарын еске алу» рәсімі ұйымдастырылып, мерекелік даталарға байланысты әр топтарда тәлімгерлік сағаттар өткізіліп тұрады.
Мамандықтағы студенттер кітапхана, оқу залы және спорт кешенімен, жатақханамен, асханамен, медициналық бөліммен толық қамтамасыз етілген. Мамандықтың 44 орындық оқу залы бар. Кітапхана мен оқу залдарындағы оқу және оқу-әдістемелік құралдар мен ғылыми әдебиеттер кешені жинақталған.
Кафедраның профессор–оқытушылар құрамы студенттерге жаңа технологиялар негізінде сапалы білім мен өнегелі тәрбие беруде және оқу әдістемелік және ғылыми бағыт бойынша жемісті еңбек етуде.