Мекен-жайы: Шымкент қ.,Тассай шағын ауданы, 225 - квартал 426 ғимарат

«Қаржы және құқықтану» кафедрасы, № 418 кабинет

Сымтетік:  +7 (7252)  55–58–61; 77013600197

Е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Э.ғ.к., аға оқытушы Сергазиева М.Р. «Қаржы және құқықтану»

кафедрасының меңгерушісі

Кафедра меңгерушісі

   Сергазиева Мадина Расылхановна 19 қараша 1979 жылы Шымкент қаласында дүниеге келді. 2001 жылы М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін бітіріп, біліктілігі - экономист. 2005 жылы Х.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-да Экономика мамандығы бойынша магистратураны «үздік» дипломға бітірген сонымен қатар 2007 жылы аспирантураның күндізгі бөлімін бітіріп, одан әрі кандидаттық диссертациясын Х.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің жанындағы Д 14.61.15 Диссертациялық кеңесінде 08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару мамандығы бойынша диссертациясын сәтті қорғаған. 2009 жылдан бастап Шымкент университетінде жұмыс атқарады, 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Қаржы және құқықтану" кафедрасының меңгеруші қызметіңде. 30-дан астам ғылыми мақала, 2 оқу құралы баспадан шыққан. 2017 ж. ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 

 

Қаржы және құқықтану кафедрасы

2019-2020 оқу жылы

   Қаржы және құқықтану кафедрасы 2001 жылы экономика және құқықтану кафедраларының негізінде құрылды. Кафедра қызметінің негізгі бағыттары: кәсіпорынның, екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметі, салық салу, сот ісі, азаматтық және қылмыстық құқық салаларында ғылыми-зерттеу және оқытушылық қызмет.

   Кафедра студенттері 6B04103 - «Қаржы» және 6B04201 «Құқық» мамандықтары бойынша білім алуда. 2019-2020 оқу жылында жаңа білім беру бағдарламасына бойынша дайындық жүргізілуде: В046 «Қаржы», «бакалавриат» және 6B042 «Құқық» мамандығы (бакалавриат).

   Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы 33 адамды құрайды, оның ішінде 3 ғылым докторы, 17 ғылым кандидаттары және 13 аға оқытушылар мен магистрлер. «Қаржы және құқық» кафедрасының ғылыми дәрежесі 60% құрайды. Кафедра профессоры Купешев Ш.К. Халықаралық инженерлік ақпараттандыру академиясының академигі, сонымен қатар бірінші санаттағы судья, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген судьясы Темір Ө.Т кафедрада дәріс береді

   Кафедра Самарканд экономика және сервис институтымен (Өзбекстан), Ош мемлекеттік заң университетімен (Қырғызстан), Қырғыз-қазақ университетімен (Қырғызстан), Алматы университетімен, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен, А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетімен және басқа да университеттермен жемісті ынтымақтастық жүргізуде.

   Кафедра студенттері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласының әл-Фараби және Еңбекші аудандарының Мемлекеттік кірістер басқармасында, АҚ «Банк ЦентрКредит» «АТФ Банк» АҚ; Қаратау аудандық сотында, Әділет басқармасында, жеке нотариустарда және т.б. өндірістік және дипломалды тәжірибеден өтеді; Түркістан облысы  прокуратурасы мен Шымкент Университеті арасындағы ынтымақтастық пен серіктестік туралы Меморандум аясында іс-жүзінде жұмыстар атқарылуда.

   Соңғы 3 жылда кафедра түлектерінің жұмысқа орналасуы 78% құрады. Түлектер мемлекеттік және қаржылық несие ұйымдарында, коммерциялық банктерде, салық және құқық қорғау органдарында, соттарда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сондай-ақ жеке құрылымдарда жұмыс істейді.

   Қазіргі таңда кафедра түлектері еліміздің барлық аймақтарында жұмыстар атқаруда. Мысалы: Кенесов Серік Сайрам аудандық сотының бас маманы, Алимкулов Баглан «ҚТЖ» АҚ Алматы-Орал поездының бастығы, Рахматуллаев Шахжахон - «АТФ Банк» АҚ Бөлшек сауда бөлімінің бастығы, Оңласбайұлы Нұржан – Түркістан қалалық полиция бөлімінің жедел уәкілі.

   Кафедрамыздың түлектері туралы жұмыс берушілер оң баға беріп, «Алғыс хаттармен» марапаттап отырады. Қаржы және құқық кафедрасының негізінде Қаратау аудандық сотының және Қазақстандық кәсіби медиаторлар мен заң кеңесшілерінің ассоциациясының көмегімен Мециация кабинеті (419 каб.) ашылды, онда кафедра мүшелері және заң мамандығының студенттері азаматтық дауларды сондай ақ санаты жағынан жеңіл мәселелерді шешуге кеңес береді.

   Қаржы және құқықтану кафедрасын экономика ғылымдарының кандидаты Серғазиева Мадина Расылханқызы басқарады.


  1.  «Оңтүстік Ќазақстан мемлекеттік археологиялық экспедициясының» базасындағы «Отырар тарихи қорығы»;
  2. Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық паркі;
  3. Шымкент қ. №64 Ж. Аймауытов атындағы көп салалы гимназия мектебі;
  4.  Қаратау а. №9 Д.Нұрпейісова атындағы №9 орта мектеп;
  5. С.Рахимов атындағы жалпы орта мектеп;
  6. Шымкент қ., №103 жалпы орта мектебі;
  7. Шымкент қ., Саттар Ерубаев ат. №24 мектеп-лицейі;
  8. ОҚО Статистика департаменті;
  9. ОҚО ішкі саясат басқармасы, Әлеуметтік бастамалар орталығы, Дін істері басқармасы;
  10. ОҚО мемлекеттік мұрағаты;
  11. Облыстық тарихи өлкетану мұражайы.

Кафедра меңгерушісі

Тапалов Дүйсенбек Жәнібекұлы

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

 

Өмірбаяны

Тапалов Дүйсенбек Жәнібекұлы – 1953 жылы 2 қазанда қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Жиенқұм ауылында дүниеге келген. 1979 жылы С.Б.Киров ат. университетінің «Тарих» факультетін (Әл-Фараби ат. ҚазҰМУ) бітірді. 1980 жылдан бастап Қазақ химия-технологиялық институтында ұстаздық еңбегін бастады.

Осы жылдар ішінде білім және тәрбие жұмысымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша оқу әкімдігі тарапынан жүргізетін қоғамдық-саяси іс-шараларға белсене қатысып келеді. Облыстық әкімшіліктің «Ақпараттық насихаттың» топ мүшесі, «Облыстың үздік лекторы» номинациясының иегері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының  академигі, тележурналист, «Қазақстан-Шымкент» телеарнасында ОҚО әкімдігінің Дін Істері Басқармасының  тапсырысы бойынша «Мемлекет. Қоғам. Дін» хабарының жүргізушісі, «Ұлы дала дастаны» атты авторлық бағдарламаның жүргізушісі; облыс және республика көлемінде түрлі ғылыми-тәжірибелік конгресстер мен конференцияларға және халықаралық конференцияларға белсене қатысушы; қоғамдық-саяси саланың белсенді насихатшысы. Республикалық және облыстық баспасөзде ұлт тарихы, салт-дәстүр, дін мәселелері бойынша көптеген мақалалар  жариялап, жас ұрпақ тәрбиесіне белсенді үлес қосып келеді. Оқу-тәрбие ісіндегі тынымсыз еңбегі облыс әкімдігі және М.Әуезов ат. ОҚМУ, Шымкент Университетінің басшылығы тарапынан бағаланып, арнайы грамоталармен марапатталған.

Ғылыми еңбектері: 200 жуық ғылыми мақалалар мен монография, 2 оқу құралының авторы.

2007 жылдан бері Шымкент университетінде қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда аталған университеттің «Қазақстан тарихы, қоғамдық пәндер және география» кафедрасының меңгерушісі.


Басшылық

Мамандықтар сипаттамасы

Өндірістік іс-тәжірибе базасы

      «Қазақстан тарихы, қоғамдық пәндер және география» кафедрасы 2001 жылы «Заң және саяси ілімдер» кафедрасы болып құрылды. Кафедра меңгерушісі болып Н. Жұбат тағайындалып, кафедра құрамы тарих, география, заң және әлеуметтік- гуманитарлық пәндер  бойынша жұмыс жүргізді. 2002 жылы «Заң және саяси ілімдер» кафедрасының құрамынан «Тарих және география» кафедрасы болып бөлініп шықты.

2002-2009 жылдар аралығында кафедра меңгерушілігін г.ғ.к., профессор М.А.Алтаев, ф.ғ.к., профессор М.Мамытов, т.ғ.к., доцент Г.Тілеуқұлов, т.ғ.к., доцент С.Айкөзов, г.ғ.к. С.Құрбаниязов атқарды. 2010 жылы кафедра  меңгерушісі болып т.ғ.к., доцент Тапалов Д.тағайындалды.

Кафедра «Тарих», «География», «Әлеуметтану» мамандықтарын дайындайды.

           Кафедра оқытушылары өздерінің жұмыс жоспарларындағы ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстар бөлімінде өз секциясының тақырыбы негізінде ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізіп келеді. Профессор – оқытушылардың жетекшілігімен «Жас географ» және «Жас алаш» студенттік ғылыми ізденіс үйірмелері жұмыс атқарып келеді, үйірмеге қатысатын студенттер жазған мақалалар мен баяндамалар республикалық және облыстық деңгейдегі түрлі конференциялар мен конкурстарға ұсынылып жүлдегерлер қатарынан көрініп отыр.   Сондай-ақ кафедрада гимназия-мектептермен келісімшарт негізінде ғылыми-әдістемелік семинарлар өткізуде. Атап айтар болсақ, Шымкент қаласындағы №64 Ж. Аймауытов атындағы көп салалы гимназия мектебі, Қаратау ауданындағы №9 Д.Нұрпейісова атындағы және С.Рахимов атындағы жалпы орта мектептерімен келісім-шарт жасалынды.

 Студенттерге «Отан тарихы» мұражайының арнайы класын ашу жоспарлануда.

 

       Әр оқу жылында «Тарих» мамандығының І курс студенттері оқу (археологиялық-этнографиялық) іс-тәжірбие  келісім-шарт  бойынша  Сайрам  ауданында өлкетану мұражайында  және  Ордабасыдағы  ескі  Шымкент  қаласының  орнында  сондай-ақ, Шымкент қаласы мен облыстың мұрағаттары мен мұражайларында өткізіледі. «Сайрам», «Ќажымұқан» мұражайларына, «Арыстанбаб», «Х.А.Яссауи» кесенелеріне, «Ордабасы», «Отырар» тарихи қорықтарына саяхат пен экскурсиялар ұйымдастырылуда. 2011 ж. бастап 1 –курс «Тарих» мамандығының студенттерінің  археологиялық іс-тәжірибесі әлемге танымал көрнекті ғалым, К.М. Байпақов басқаратын «Оңтүстік Ќазақстан мемлекеттік археологиялық экспедициясының» базасында «Отырар тарихи қорығында» келісім-шарт бойынша өтетін болады.  

Ќазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Ќазақстан халқына Жолдауына байланысты кафедра деңгейінде студенттермен «Дөңгелек стол» басында талқылау ұйымдастырылған. «Халықаралық терроризм және Ќазақстан» атты тақырыпта бас қосу дөңгелек столы, «СПИД–ХХІ ғасыр обасы» мамандардың сұхбаты ұйымдастырылып отырады. «Желтоқсан құрбандарын еске алу» рәсімі ұйымдастырылып, мерекелік даталарға байланысты әр топтарда тәлімгерлік сағаттар өткізіліп тұрады.

        Мамандықтағы студенттер кітапхана, оқу залы және спорт кешенімен, жатақханамен, асханамен, медициналық бөліммен толық қамтамасыз етілген. Мамандықтың 44 орындық оқу залы бар. Кітапхана мен оқу залдарындағы оқу және оқу-әдістемелік құралдар мен ғылыми әдебиеттер кешені жинақталған.   

      Кафедраның профессор–оқытушылар құрамы студенттерге жаңа технологиялар негізінде сапалы білім мен өнегелі тәрбие беруде және оқу әдістемелік және ғылыми бағыт бойынша жемісті еңбек етуде.


5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген түлекке қазақ тілі мен әдебиеті бакалавары академиялық  дәркжесі беріледі. Түлектердің біліктілігі және лауазымдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 21.11.2002 ж №273-П бұйрығымен бекітілген «Жетекшілердің, мамандардың және басқада қызметкерлердің біліктілік анықтамасына» сай анықталды. Олар жалпы білім беретін мектептерде, лицей, колледж, гимназияларда қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерде кіші ғылыми қызметкер, аудармашы қызметтерін атқара алады.

 

5В011800- Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген түлекке орыс тілі мен әдебиеті бакалавр академиялық дәрежесі беріледі. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 21.11.2002ж №273-П бұйрығымен бекітілген «Жетекшілердің, мамандардың, және де басқада қызметкерлердің біліктілік анықтамасына» сай анықталды. Олар жалпы білім беретін мектептерде, лицей, колледж, гимназияларда орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі, жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерде кіші ғылыми қызметкер, аудармашы қызметтерін атқара алады.

 

5В011900-Шет тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша бакалавриатты бітірушіге білім бакалавры (шетел тілдері) академиялық дәрежесі беріледі. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің 22.11.2002ж №273-П бұйрығымен бекітілген лауазымды жетекшілер, мамандар мен басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамалығының біліктілік талаптарына сәйкес бакалавр белгңленген тәртіп бойынша мамандығына байланысты негізгі және мамандандырылған шетел тілінен дайындығына сәйес кәсіби қызметтерін атқара алады.

 

5В012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген түлекке қазақ тілі мен әдебиеті бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Түлектердің біліктіліктерімен лауазымдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің  21.11.2002ж. №273-П бұйрығымен бекітілген « Жетекшілердің, мамандардың және басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамасына» сай анықталды. Олар жалпы білім беретін мектептерде, лицей, колледж, гимназияларда қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, жоғары оқу орындары мен ғылыми қызметкер, аудармашы қызметтерін атқара алады.


Университет 2011-2016 жылдары аралығында ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде көптеген мекемелермен келісім-шартқа отырып, жұмыс жасап келеді.

 

- М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің «Түркітану» ғылыми-зерттеу орталығымен;

- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен;

- Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетімен;

- Ғылым Академиясы жанындағы Экономика институтымен;

- Ташкент мемлекеттік экономикалық университетімен;

- Ұлттық ғылыми-зерттеу технологиялық университетімен (Москва);

- Бабаджан Гафуров атындағы Худжанд мемлекеттік университетімен;

- К. Карасаев атындағы Бішкек гуманитарлық университетімен;

- Сочи сән, бизнес және құқық институтымен;

- Кары-Ниязи атындағы өзбек педагогикалық ғылыми-зерттеу институтымен;

- Москва халықаралық жоғары мектебі «МИРБИС (Москва)

- М.Рысқұлбеков атындағы  Қырғыз мемлекеттік экономикалық университетімен;

- И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетімен;

- Гедиз Университетімен;

- Кәсіподақ мамандарының біліктілігін арттыру институтымен (Беларусь).

- Сібір үздіксіз қосымша білім беру институтымен;

- Coventry University

- Экспедиджи Инк. (Expedigy.Inc.) ғылыми-консультациялық компаниясы (АҚШ, Калифорния штаты) арасында биология саласы бойынша ғылыми жұмыстар жөнінде меморандум;

- Германияның Аахенск университетінің Клеткалар және микробиология ғылыми-зерттеу лабароториясымен.


© 2001 - 2024 Шымкентский Университет

Info:

Email: shu2050@mail.ru
Tel: 8 (7252) 55-58-61