Кафедра меңгерушісі
Өтебаева Шолпан Керімбайқызы
Педагогика ғылымдарының кандидаты
 
Өмірбаяны
 
Өтебаева Шолпан Керімбайқызы   17.02.1957 жылы ОҚО, Сайрам ауданы, Калинин ауылында туылған. 1980 жылы Алматы қаласындағы Қыздар мемелекеттік институтын  «Математика» мамандығы бойынша бітіріп шықты.
1980-1990 жылдар аралығында Сайрам ауданында математика пәнінің мұғалімі және оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарды.
1990-1996жылдарда М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтында «Педагогика» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды. 15 ғылыми мақаласы жарыққа шықты.
1996-2003жылдар арасында Сарыағаш ауданында математика пәнінің мұғалімі және бастауыш сынып оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарды.
2003 жылдан қазіргі таңға дейін Шымкент университетінде қызмет атқарып келеді.
2010 жылы 13.00.02 - оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі математика)   Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.
2011 жылы  «Кәсіподақ ұйымының үздігі» медалімен марапатталған. 2012 оқу жылынан бастап Шымкент Университетінің «Математика және Информатика»  кафедрасының меңгерушісі қызметін  атқарып келеді. 2003-2016 жылдар аралығында 30-дан астам ғылыми мақалалары халықаралық, республикалық конференцияларда жарық көрді.

 

 

 

Өндірістік іс-тәжірибе базасы

Мамандықтар сипаттамасы

 

Физика, Информатика мамандығы 2000-2001 оқу жылында ашылды. «Жаратылыстану пәндері»  кафедрасының құрамында болды. 2001-2002 оқу жылында жаңадан ашылған «Математика-Экономика пәндері» кафедрасына қосылды. 2002-2003 оқу жылында дербес «Физика және информатика» кафедрасы болып құрылды. 2012-2013 оқу жылынан бастап «Математика және информатика» кафедрасы болып жұмыс жасап келеді.

Кафедра меңгерушілері қызметін атқарғандар:

2000-2001 оқу жылы - п.ғ.к., доцент Атемова Қ.

2001-2002 оқу жылы- э.ғ.д., профессор Отаров Ә.

2002 ж. қыркүйек - қараша - э.ғ.д., профессор Отаров Ә.

2002 ж. қараша 2003ж. наурыз – ф.-м.ғ.к., доцент Байғабылов А.

2003 ж. наурыз – 2003 ж. маусым – х.ғ.к., аға оқытушы Мары А.

2003 ж. қыркүйек - желтоқсан -т.ғ.к., аға оқытушы Ақылбаев М.

2004 -2007 оқу жылы ф.-м.- ғ.к., доцент Юнусов А.

2007-2009 жж  – ф.-м.-ғ.к., доцент Байжұманов А.

2009ж-2012ж ф.-м.-ғ.к., доцент Бекбаев С.М.

2012 ж. қыркүйек айынан бастап -п.ғ.к., аға оқытушы Өтебаева Ш.К.


Кафедрада бес мамандық дайындалады:

1. 5В010300 – Педагогика және психология

2. 5В0100200- Бастауыша оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

3. 5В010600- Музыкалық білім

4. 5В010700- Бейнелеу өнері және сызба

Мамандық түлектерінің болашақ қызмет орындары:

5В010300–Педагогика және психология мамандығы бойынша білім бакалаврларының кәсіби қызмет нысандары: мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мекемелерінің барлық типтері; жалпы білім беретін орта мектеп жүйесі, оның ішінде лицейлер, гимназиялар, шағын кешенді мектептер, санаторийлік мектептер, спорт мектептері, балалар үйі; арнайы түзету мекемелері (ақыл –ойы және дене дамуында кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерге арналған сыныптар мен мектеп –интернаттар); бастапқы білім беру мекемелері (лицейлер); орта кәсіби білім беру мекемелері (колледждер) және т.б.

5В0100200- Бастауыша оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша білім бакалаврларының кәсіби қызмет нысандары: мектепке дейінгі оқыту мен бастауышта оқыту, тәрбиелеу мекемелерінің барлық типтері; жалпы білім беретін орта мектеп жүйесі, оның ішінде лицейлер, гимназиялар, шағын кешенді мектептер, санаторийлік мектептер, спорт мектептері, балалар үйі; арнайы түзету мекемелері (ақыл –ойы және дене дамуында кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерге арналған сыныптар мен мектеп –интернаттар); бастапқы білім беру мекемелері және т.б.

5В010600- Музыкалық білім- бойынша білім бакалаврларының кәсіби қызмет нысандары: музыкалық мектептер мен музыкалық колледж, лицейлерде, мәдени қызмет салаларында, мектепке дейінгі оқыту мен бастауышта оқыту, тәрбиелеу мекемелерінің барлық типтері; жалпы білім беретін орта мектеп жүйесі, оның ішінде лицейлер, гимназиялар, шағын кешенді мектептер, санаторийлік мектептер, спорт мектептері, балалар үйі; арнайы түзету мекемелері (ақыл –ойы және дене дамуында кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерге арналған сыныптар мен мектеп –интернаттар); бастапқы білім беру мекемелері (лицейлер); орта кәсіби білім беру мекемелері (колледждер) және т.б.

5В010700- Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша білім бакалаврларының кәсіби қызмет нысандары: музейлер, архитектура саласында, мектепке дейінгі оқыту мен бастауышта оқыту, тәрбиелеу мекемелерінің барлық типтері; жалпы білім беретін орта мектеп жүйесі, оның ішінде лицейлер, гимназиялар, шағын кешенді мектептер, санаторийлік мектептер, спорт мектептері, балалар үйі; арнайы түзету мекемелері (ақыл –ойы және дене дамуында кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерге арналған сыныптар мен мектеп –интернаттар); бастапқы білім беру мекемелері (лицейлер); орта кәсіби білім беру мекемелері (колледждер) және т.б.


Педагогикалық іс-тәжірибе. 2015-2016 оқу жылында келісім шарт түзілген мекемелермен бірлесіп студенттердің практикалық білімін арттыру мақсатында іс жасауда. Қаланың колледждері мен мектептерінде біздің студенттер тероялық білімін практика жүзінде қолданады. 1-2 курс студенттері қаланың басқа мектеп- гимназияларында сабақтан тыс уақытта аптасына екі рет үздіксіз педагогикалық іс-тәжірибеден өтуде.

Кафедра болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында келесі білім мекемелерімен оқу, ғылыми, шығармашылық байланыстарды жүзеге асыруда:

  • Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ.);

  • Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы (Алматы қ.);

  • Оңтүстік Қазақстан облыстық әлеуметтік-медициналық оңалту орталығы (Шымкент қ.);

  • Облыстық арнайы мектептер: зағип жандарға арналған «Үміт» арнайы мектебі; саңырау балаларға арналған арнайы мектеп (Шымкент қ.);

  • Жүйке аурулар диспансері (Шымкент қ.);

  • ОҚО Ішкі саясат басқармасы (Шымкент қ.);

  • Колледждер: Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжі; "Мирас" колледжі; "Парасат" колледжі (Шымкент қ.).


Алпеисова Назгуль Ашималиевна 

30.10.1968 жылы Жамбыл Облысында дүниеге келді. 1975-1985 ж Жамбыл облысы, Лугавой стансасы №33 Т. Рыкулов атындағы орта мектепте  білім алған. 1986 жылы Жезқазған педагогикалық института «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша түсіп, 1991жылы «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының академиялық дәрежесі алды. 
2002 жылы Орталық Азия гуманитарлық экономикалық институтына мұғалім болып қабылданған. 
2007 жылы аға оқытушы дәрежесі берілді.2011 жылы ҚР Білім және Ғылым бақылау комитетінің шешімімен «Психология» Ғылымының кандидаты дәрежесі берілді. 
2011 жылы Сарыағаш  гуманитарлық-педагогикалық колледжіне  психология пәнінің  оқытушысы болып жұмысқа қабылданды.

2012жылы Шымкент университеті «Педагогика және психология» кафедрасына аға оқытушылық қызметіне қабылданды.

 

 

Өндірістік іс-тәжірибе базасы

Мамандықтар сипаттамасы

 

Педагогика және психология кафедрасы өз алдына дербес құрылым ретінде Шымкент университетінің құрамында 2001 ж. ашылған. Кафедраның алғашқы меңгерушісі танымал ғалым, п.ғ.к., доцент М.Мухамеджаров болды. Сонымен қатар кафедраны п.ғ.к., доцент Ж. Ысқақов, аға оқытушы Д. Муталиев, педагогика және психология ғылымдарының докторы, профессор Е. Омар, п.ғ.д., профессор Қ.Т. Атемова,  п.ғ.к., доцент Г.И. Махмутова, п.ғ.к. Қ.Ә.Ибрагимов, п.ғ.к З.Ә. Зубайраева басқарды. Қазіргі уақытта кафедра педагогика факультетінің құрамына еніп, оны п.ғ.к., доцент м.а. Ж.С.Сихынбаева басқарады. Кафедрада ғылым докторы, ғылым кандидаттары, магистр-аға оқытушылар еңбек етуде.

Біліктілікті жоғарылату жұмыстары. «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушылары тұрақты түрде біліктіліктерін жоғарылатады, оқыту семинарларына қатысады, республикалық, жақын шетелдердегі және алыс шетелдердегі  ЖОО іс-сапарларға барады.

«Педагогика және психология» кафедрасының ұстаздары белгілі шетел оқу орындарының семинар-тренингтеріне және біліктілікті көтеру курстарына қатысып қайтты. Атап айтқанда, 2014 жылы ғылыми-зерттеу лабораторияларымен және ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістемелерімен танысу мақсатында кафедра меңгерушісі Ж.С.Сихынбаева Ресей жаратылыстану (Москва, Ресей); академиясында болып қайтты; 2014 жылы п.ғ.к. Ж.С.Сихынбаева Балыкесир (Балыкесир қ. Түркия) университетінде, біліктіліктерін көтеру курсынан өтіп қайтты.

Оқу әдістемелік жұмыстары. Кафедра оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері оқу үрдісіне ендірілген. Ж.С.Сихынбаеваның «Студент жастардың экологиялық білімін арттырудың ғылыми-педагогикалық негіздері» монографиясы, «Экологиялық білім беру және дүниетаным» атты оқу құралы, Д.К.Муталиев, А.Д.Алдияров, А.Т.Арыковалардың «Психологические основы педагогической деятельности» пәнінен лекциялар жинағы, Ж.С. Сихынбаеваның «Педагогические технологии в образовании», «Основы формирования профессиональной компетенции будущих учителей», «Общая психология» атты оқу құралдары бар.

«Педагогика және психология» кафедрасы білім алушылардың кәсіби құзіреттерін жетілдіруге бағытталған оқу, өндірістік тәжірибелерден өтуге арналған мекемелермен келісім шарттар түзілген.

Кафедраға қарасты 8 оқу дәрісхана заманауи құрылғылармен, көрнекілік құралдарымен және аспаптармен және т.б. жинақталған. Еңбек нарығының талаптарына сәйкес келеді.

Білім алушылардың қоғамдық, құқықтық, ақпараттық, қатысымдық құзіреттіліктерін қалыптастыру оқу үдерісімен қатар сабақтан тыс іс-әрекеттермен жүзеге асырылады. Институт тарапынан бұл үдерісті басқару мен жетілдіруге қажетті материалды-техникалық, кадрлық ресурстармен түгел қамтылған.

Педагогика факультетінің студенттері ай сайынғы студенттер алаңында өткізілетін мерекелік іс-шараларға белсене қатысады. Сондай-ақ, ақын жазушылар мен мәдениет қайраткерлерімен кездесіп отырады.

Кафедра оқытушылары халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік  конференцияларға белсенді түрде қатысады және зерттеу жұмыстарының нәтижелері ғылыми журналдарда, ғылыми-конференциялар, сонымен қатар шетелдік, материалдарының  жинақтарында жарияланады.

Кафедра мүшелерінің академиялық басылымдар мен импакт-факторы 0-ден жоғары журналдарға, Республика көлеміндегі және алыс, жақын шет елдерге  ғылыми мақалалар жариялау жұмыстары жүргізілуде.


1. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Өндірістік экология  және Биотехнология ғылыми-зерттеу институты»

2. Оңтүстік-Батыс өсімдік және мал шаруашылығын зерттеу институты

3. Университет базасы құрамындағы Биотехнология мәселелерін зерттеу институты

4. Сорт сынау инспектурасы

5. Шымкент қаласы № 102 жалпы орта мектебі

6. Шымкент қаласы№ 24 С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебі

7. Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы


5В080100-Агрономия

Оқу мерзімі: 4 жыл

Академиялық дәрежесі: Агрономия бакалавры.

Ерекшеліктері: Түлектер  ауыл шаруашылығы өндірісін басқарып,, асыл тұқымды және тұқым өсімдіктердің ғылыми мәселелерді зерттеу, өсімдік шаруашылығы өнімі технологиясы бойынша жұмысты жүзеге асыра алады. Жұмыс орны: дақылдары мен мал үшін жеке шаруашылықтар, облыстық және аудандық жер комитеттер, ауыл шаруашылығы жылыжай, тұқым инспекциясы, сорт сынау станциялары, асыл тұқымды станциялары, кедендік бақылау қызметі, карантиндік станциясы өсімдіктер, ғылыми-зерттеу институттары мен станциялары.

 

5В011300-Биология

Оқу мерзімі: 4 жыл

Академиялық дәрежесі: биология бакалавры.

Мүмкіндіктері: Бітірушілер орта мектептерде биология мұғалімдерінің, еліміздің гимназиялар мен лицей, университеттер Starn жоғары біліктілік деңгейін мамандар ретінде жұмыс істей алады. Жұмыс орны: мектептер, гимназиялар мен Оңтүстік Қазақстан облысының колледждері.

 

5В060700-Биология

Оқу мерзімі: 4 жыл

Академиялық дәрежесі: биология бакалавры.

Жұмыс орны: ғылыми биология түлектері мынадай лауазымдарда еңбек ете алады:жоғары оқу орындарының, санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың ғылыми-зерттеу институтының, зертханашы лаборант, Орта мектебі биология, жоғары мектеп және колледж оқытушысы; ғылыми-зерттеу және өндірістік-сарапшылар, жобалау ұйымы, геоботаникалық бақтар мен табиғи қорықтардың;облыстық және аудандық әкімшіліктер бойынша әдістемесі қоршаған ортаны қорғау мекемелері; үкіметтік ұйымдар.

 

5В011200-Химия

Оқу мерзімі: 4 жыл

Академиялық дәрежесі: Химия бакалавры.

Жұмыс орны: орта мектептерде химия пәні мұғалімдері, жоғары оқу орындары мен колледждердің, сондай-ақ арнайы химиялық зертханалар химия бойынша лаборант, химия өнеркәсібінде химик-лаборант ретінде жұмыс істей алады.


 
ӨМІРБАЯНЫ
Жумадулаева Алиса 1958 жылы ОҚО дүниеге келген. 1978 жылы мектепті үздік бітірген.  Осы жылы Қазақстандағы беделді университеттердің бірі  С.М. Киров атындағы ҚазМУ химия-биология мамандығы бойынша оқуға түсті.  1983 жылы жоғарыда аталған университетті бітірген соң педагогикалық тәжирибесін Шымкент қаласында орналасқан №5 мектепте мұғалім болып бастады.
1988-2000 жылдары арасында Гидромелиорациялық техникумда оқытушы қызметте жұмысын жалғастырды. 2001 жылдан бастап Шымкент университетінде өзінің оқытушылық қызметін химия және биология кафедрасында жұмыс істеді.
2002-2004 жылдар аралығында «Гуманитарлы» факультеттің деканы қызметін атқарды.
2008 жылы мамандығы бойынша Оңтүстік Батыс мал шаруашылығы институтында кандидаттық диссертациясын қорғады.
2008 жылдан бастап бүгінгі уақытқа дейін  «Химия, биология және ауылшауашылық» кафедрасының меңгерушісі қызметтін атқарып келеді. Университет, факультет және кәсіподақ  тарапынан оқу-әдістемелік , тәрбие және ғылыми жұмыстарын жоғарғы деңгейде жүргізгені үшін бірқатар алғыс хаттармен марапатталған.
Ғылыми-зерттеу материалдары бойынша 30 астам ғылыми еңбектер жақын және шет елдерде жариялады. Соның ішінде Томсон рейтерс бойынша импакт-факторы бар 2 ғылыми мақаласы жақын және шет елдерде жарияланды.
Өзінің педагогикалық іс-тәжірибесін арттыра отырып 20 ғылыми әдістемелік құралдар дайындап басып шығарды.

 

 

Мамандықтар сипаттамасы

Өндірістік іс-тәжірибе базасы

«Химия, биология және ауылшарушылық» кафедрасы еліміздің педагогика және ауылшаруашылығы салаларына қажетті ғылыми және педагогикалық мамандарды дайындайды. Кафедрада ауылшаруашылығы, биология және химия мамандықтары бойынша жүргізілетін базалық және кәсіби пәндер бойынша арнайы кабинеттер мен зертханалар жабдықталған. Студенттердің теориялық білімдерін университетпен келісімшарт арқылы байланысты өндірістік мекемелердің базаларында іс-тәжірибелер арқылы нақтылауға жағдай жасалған. Студенттерге ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, доценттер және жаратылыстану магистрлері мен аға оқытушылар дәріс береді. Студенттер өздерінің дипломдық жұмыстарын кафедрада ұйымдастырылған «Жас биолог», «Жас химик», «Жас агроном және топырақтанушы» ғылыми үйірмелерде жүргізілетін ғылыми ізденістер арқылы орындайды және олардың нәтижелерін университеттік, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндайды.

Студенттердің өндірістік тәжірибелері және ғылыми жұмыстары Шымкент қаласының және Сайрам ауданының үздік мектептерінде, «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында», Оңтүстік Қазақстан сорт сынау инспектурасында,  «Шымкент мемлекеттік дендросаябағында жүргізіледі.

 

 

Ғылыми бағыттар:

        1.Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешенінің басты салаларына қажетті экологиялық қауіпсіз және экономикалық тиімді технологиялар түзу;

         2. Оңтүстік Қазақстан облысының бұзылған экожүйелеріндегі биосаналуандылықтың өзгеру заңдылықтарын зерттеу және мониторинг тәсілдерін түзу:

         3. Өндірістік және тұрмыстық химия өндірісінің технологияларын жаңа нәтижелермен толықтыру.

 

 

       

 

 

 

 


Мамбетов Бекзат Махмутұлы

Тарих ғылымдары магистрі

Педагогикалық факультетінің деканы

Байланыс: 87758999177

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Өмірбаяны

 

Мамбетов Бекзат Махмутұлы 1980 жылы 23 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген.

1987-1998 ж.ж. Сарыағаш ауданы, Қаратөбе елді мекенінде орналасқан №92 Қ.Сәтпаев атындағы орта мектебінде оқып білім алған.

1998-2002 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Тарих факультетін «Әлем тарихы» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2002 жылы Шымкент университетінің Тарих және география кафедрасында оқытушы болып бастаған.

2002-2008 жылдар аралығында Шымкент университетінің Тарих және география кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеген.

2008-2010 жылдары аралығында Құқықтану факультеті деканының орынбасары болып қызмет атқарған.

2010-2012 жылдары Шымкент университеті президентінің сыртқы байланыс жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған.

2014 жылы Академиялық-инновациялық университетінде тарих мамандығы бойынша магистрлік диссертация қорғап, тарих ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған.

2014-2016 Шымкент университеті, Сыртқы байланыс және жұмыспен қамту бөлімі бастығы болып қызмет атқарған.

2016 жылдың 1 маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін Шымкент университеті, Педагогика факультетінің деканы болып қызмет атқарып келеді.

Үйленген. 2 қыз, 2 ұлы бар.

Ғылыми жұмыстармен үздіксіз айналысып, «Тарих» мамандығы бойынша 20-дан астам диплом жұмыстарына жетекшілік жасап, ғылыми басылымдар мен шет елдерде және елімізде ұйымдастырылған халықаралық, республикалық, аймақтық конференцияларда 30-ға тарта мақалалары жарияланып, 1 оқу құралы баспадан шыққан.

Қырғыз Республикасының «К.Акыевке 130 жыл» төсбелгісімен және республикалық, облыстық, университеттік алғысхаттармен марапатталған.


Факультет құрамы:

1. Факультет деканы – Мамбетов Бекзат Махмұтұлы

2. Факультет деканының орынбасары – Жанабаев Даурен Жұмағалиұлы

3. Аға әдіскер – Жұмағұлова Құралай Қадырбайқызы

4. Әдіскер – Туребаева Сағадат Даулетбекқызы

5. Әдіскер – Амирова Гүлнұр Опабекқызы. 

Жанабаев Даурен Жұмағалиұлы

Факультет деканының орынбасары

Жаратылыстану ғылымдары магистрі

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Байланыс телефоны: 87021013530

 

 

 

Жұмағұлова Құралай Қадырбайқызы

Педагогикалық ғылымдар магистрі

Аға әдіскер

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Байланыс телефоны 87474196188

 

 

Амирова Гүлнұр Опабекқызы

Педагогикалық ғылымдар магистрі

Әдіскер

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Байланыс телефоны 87022752555

 

 

Туребаева Сағадат Даулетбекқызы

Педагогикалық ғылымдар магистрі

Әдіскер

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Байланыс телефоны 87756580734


© 2001 - 2024 Шымкентский Университет

Info:

Email: shu2050@mail.ru
Tel: 8 (7252) 55-58-61