Алпеисова Назгуль Ашималиевна 

30.10.1968 жылы Жамбыл Облысында дүниеге келді. 1975-1985 ж Жамбыл облысы, Лугавой стансасы №33 Т. Рыкулов атындағы орта мектепте  білім алған. 1986 жылы Жезқазған педагогикалық института «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша түсіп, 1991жылы «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының академиялық дәрежесі алды. 
2002 жылы Орталық Азия гуманитарлық экономикалық институтына мұғалім болып қабылданған. 
2007 жылы аға оқытушы дәрежесі берілді.2011 жылы ҚР Білім және Ғылым бақылау комитетінің шешімімен «Психология» Ғылымының кандидаты дәрежесі берілді. 
2011 жылы Сарыағаш  гуманитарлық-педагогикалық колледжіне  психология пәнінің  оқытушысы болып жұмысқа қабылданды.

2012жылы Шымкент университеті «Педагогика және психология» кафедрасына аға оқытушылық қызметіне қабылданды.

 

 

Өндірістік іс-тәжірибе базасы

Мамандықтар сипаттамасы

 

Педагогика және психология кафедрасы өз алдына дербес құрылым ретінде Шымкент университетінің құрамында 2001 ж. ашылған. Кафедраның алғашқы меңгерушісі танымал ғалым, п.ғ.к., доцент М.Мухамеджаров болды. Сонымен қатар кафедраны п.ғ.к., доцент Ж. Ысқақов, аға оқытушы Д. Муталиев, педагогика және психология ғылымдарының докторы, профессор Е. Омар, п.ғ.д., профессор Қ.Т. Атемова,  п.ғ.к., доцент Г.И. Махмутова, п.ғ.к. Қ.Ә.Ибрагимов, п.ғ.к З.Ә. Зубайраева басқарды. Қазіргі уақытта кафедра педагогика факультетінің құрамына еніп, оны п.ғ.к., доцент м.а. Ж.С.Сихынбаева басқарады. Кафедрада ғылым докторы, ғылым кандидаттары, магистр-аға оқытушылар еңбек етуде.

Біліктілікті жоғарылату жұмыстары. «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушылары тұрақты түрде біліктіліктерін жоғарылатады, оқыту семинарларына қатысады, республикалық, жақын шетелдердегі және алыс шетелдердегі  ЖОО іс-сапарларға барады.

«Педагогика және психология» кафедрасының ұстаздары белгілі шетел оқу орындарының семинар-тренингтеріне және біліктілікті көтеру курстарына қатысып қайтты. Атап айтқанда, 2014 жылы ғылыми-зерттеу лабораторияларымен және ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістемелерімен танысу мақсатында кафедра меңгерушісі Ж.С.Сихынбаева Ресей жаратылыстану (Москва, Ресей); академиясында болып қайтты; 2014 жылы п.ғ.к. Ж.С.Сихынбаева Балыкесир (Балыкесир қ. Түркия) университетінде, біліктіліктерін көтеру курсынан өтіп қайтты.

Оқу әдістемелік жұмыстары. Кафедра оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері оқу үрдісіне ендірілген. Ж.С.Сихынбаеваның «Студент жастардың экологиялық білімін арттырудың ғылыми-педагогикалық негіздері» монографиясы, «Экологиялық білім беру және дүниетаным» атты оқу құралы, Д.К.Муталиев, А.Д.Алдияров, А.Т.Арыковалардың «Психологические основы педагогической деятельности» пәнінен лекциялар жинағы, Ж.С. Сихынбаеваның «Педагогические технологии в образовании», «Основы формирования профессиональной компетенции будущих учителей», «Общая психология» атты оқу құралдары бар.

«Педагогика және психология» кафедрасы білім алушылардың кәсіби құзіреттерін жетілдіруге бағытталған оқу, өндірістік тәжірибелерден өтуге арналған мекемелермен келісім шарттар түзілген.

Кафедраға қарасты 8 оқу дәрісхана заманауи құрылғылармен, көрнекілік құралдарымен және аспаптармен және т.б. жинақталған. Еңбек нарығының талаптарына сәйкес келеді.

Білім алушылардың қоғамдық, құқықтық, ақпараттық, қатысымдық құзіреттіліктерін қалыптастыру оқу үдерісімен қатар сабақтан тыс іс-әрекеттермен жүзеге асырылады. Институт тарапынан бұл үдерісті басқару мен жетілдіруге қажетті материалды-техникалық, кадрлық ресурстармен түгел қамтылған.

Педагогика факультетінің студенттері ай сайынғы студенттер алаңында өткізілетін мерекелік іс-шараларға белсене қатысады. Сондай-ақ, ақын жазушылар мен мәдениет қайраткерлерімен кездесіп отырады.

Кафедра оқытушылары халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік  конференцияларға белсенді түрде қатысады және зерттеу жұмыстарының нәтижелері ғылыми журналдарда, ғылыми-конференциялар, сонымен қатар шетелдік, материалдарының  жинақтарында жарияланады.

Кафедра мүшелерінің академиялық басылымдар мен импакт-факторы 0-ден жоғары журналдарға, Республика көлеміндегі және алыс, жақын шет елдерге  ғылыми мақалалар жариялау жұмыстары жүргізілуде.


1. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Өндірістік экология  және Биотехнология ғылыми-зерттеу институты»

2. Оңтүстік-Батыс өсімдік және мал шаруашылығын зерттеу институты

3. Университет базасы құрамындағы Биотехнология мәселелерін зерттеу институты

4. Сорт сынау инспектурасы

5. Шымкент қаласы № 102 жалпы орта мектебі

6. Шымкент қаласы№ 24 С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебі

7. Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы


5В080100-Агрономия

Оқу мерзімі: 4 жыл

Академиялық дәрежесі: Агрономия бакалавры.

Ерекшеліктері: Түлектер  ауыл шаруашылығы өндірісін басқарып,, асыл тұқымды және тұқым өсімдіктердің ғылыми мәселелерді зерттеу, өсімдік шаруашылығы өнімі технологиясы бойынша жұмысты жүзеге асыра алады. Жұмыс орны: дақылдары мен мал үшін жеке шаруашылықтар, облыстық және аудандық жер комитеттер, ауыл шаруашылығы жылыжай, тұқым инспекциясы, сорт сынау станциялары, асыл тұқымды станциялары, кедендік бақылау қызметі, карантиндік станциясы өсімдіктер, ғылыми-зерттеу институттары мен станциялары.

 

5В011300-Биология

Оқу мерзімі: 4 жыл

Академиялық дәрежесі: биология бакалавры.

Мүмкіндіктері: Бітірушілер орта мектептерде биология мұғалімдерінің, еліміздің гимназиялар мен лицей, университеттер Starn жоғары біліктілік деңгейін мамандар ретінде жұмыс істей алады. Жұмыс орны: мектептер, гимназиялар мен Оңтүстік Қазақстан облысының колледждері.

 

5В060700-Биология

Оқу мерзімі: 4 жыл

Академиялық дәрежесі: биология бакалавры.

Жұмыс орны: ғылыми биология түлектері мынадай лауазымдарда еңбек ете алады:жоғары оқу орындарының, санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың ғылыми-зерттеу институтының, зертханашы лаборант, Орта мектебі биология, жоғары мектеп және колледж оқытушысы; ғылыми-зерттеу және өндірістік-сарапшылар, жобалау ұйымы, геоботаникалық бақтар мен табиғи қорықтардың;облыстық және аудандық әкімшіліктер бойынша әдістемесі қоршаған ортаны қорғау мекемелері; үкіметтік ұйымдар.

 

5В011200-Химия

Оқу мерзімі: 4 жыл

Академиялық дәрежесі: Химия бакалавры.

Жұмыс орны: орта мектептерде химия пәні мұғалімдері, жоғары оқу орындары мен колледждердің, сондай-ақ арнайы химиялық зертханалар химия бойынша лаборант, химия өнеркәсібінде химик-лаборант ретінде жұмыс істей алады.


 
ӨМІРБАЯНЫ
Жумадулаева Алиса 1958 жылы ОҚО дүниеге келген. 1978 жылы мектепті үздік бітірген.  Осы жылы Қазақстандағы беделді университеттердің бірі  С.М. Киров атындағы ҚазМУ химия-биология мамандығы бойынша оқуға түсті.  1983 жылы жоғарыда аталған университетті бітірген соң педагогикалық тәжирибесін Шымкент қаласында орналасқан №5 мектепте мұғалім болып бастады.
1988-2000 жылдары арасында Гидромелиорациялық техникумда оқытушы қызметте жұмысын жалғастырды. 2001 жылдан бастап Шымкент университетінде өзінің оқытушылық қызметін химия және биология кафедрасында жұмыс істеді.
2002-2004 жылдар аралығында «Гуманитарлы» факультеттің деканы қызметін атқарды.
2008 жылы мамандығы бойынша Оңтүстік Батыс мал шаруашылығы институтында кандидаттық диссертациясын қорғады.
2008 жылдан бастап бүгінгі уақытқа дейін  «Химия, биология және ауылшауашылық» кафедрасының меңгерушісі қызметтін атқарып келеді. Университет, факультет және кәсіподақ  тарапынан оқу-әдістемелік , тәрбие және ғылыми жұмыстарын жоғарғы деңгейде жүргізгені үшін бірқатар алғыс хаттармен марапатталған.
Ғылыми-зерттеу материалдары бойынша 30 астам ғылыми еңбектер жақын және шет елдерде жариялады. Соның ішінде Томсон рейтерс бойынша импакт-факторы бар 2 ғылыми мақаласы жақын және шет елдерде жарияланды.
Өзінің педагогикалық іс-тәжірибесін арттыра отырып 20 ғылыми әдістемелік құралдар дайындап басып шығарды.

 

 

Мамандықтар сипаттамасы

Өндірістік іс-тәжірибе базасы

«Химия, биология және ауылшарушылық» кафедрасы еліміздің педагогика және ауылшаруашылығы салаларына қажетті ғылыми және педагогикалық мамандарды дайындайды. Кафедрада ауылшаруашылығы, биология және химия мамандықтары бойынша жүргізілетін базалық және кәсіби пәндер бойынша арнайы кабинеттер мен зертханалар жабдықталған. Студенттердің теориялық білімдерін университетпен келісімшарт арқылы байланысты өндірістік мекемелердің базаларында іс-тәжірибелер арқылы нақтылауға жағдай жасалған. Студенттерге ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, доценттер және жаратылыстану магистрлері мен аға оқытушылар дәріс береді. Студенттер өздерінің дипломдық жұмыстарын кафедрада ұйымдастырылған «Жас биолог», «Жас химик», «Жас агроном және топырақтанушы» ғылыми үйірмелерде жүргізілетін ғылыми ізденістер арқылы орындайды және олардың нәтижелерін университеттік, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндайды.

Студенттердің өндірістік тәжірибелері және ғылыми жұмыстары Шымкент қаласының және Сайрам ауданының үздік мектептерінде, «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында», Оңтүстік Қазақстан сорт сынау инспектурасында,  «Шымкент мемлекеттік дендросаябағында жүргізіледі.

 

 

Ғылыми бағыттар:

        1.Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешенінің басты салаларына қажетті экологиялық қауіпсіз және экономикалық тиімді технологиялар түзу;

         2. Оңтүстік Қазақстан облысының бұзылған экожүйелеріндегі биосаналуандылықтың өзгеру заңдылықтарын зерттеу және мониторинг тәсілдерін түзу:

         3. Өндірістік және тұрмыстық химия өндірісінің технологияларын жаңа нәтижелермен толықтыру.

 

 

       

 

 

 

 


Мамбетов Бекзат Махмутұлы

Тарих ғылымдары магистрі

Педагогикалық факультетінің деканы

Байланыс: 87758999177

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Өмірбаяны

 

Мамбетов Бекзат Махмутұлы 1980 жылы 23 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген.

1987-1998 ж.ж. Сарыағаш ауданы, Қаратөбе елді мекенінде орналасқан №92 Қ.Сәтпаев атындағы орта мектебінде оқып білім алған.

1998-2002 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Тарих факультетін «Әлем тарихы» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2002 жылы Шымкент университетінің Тарих және география кафедрасында оқытушы болып бастаған.

2002-2008 жылдар аралығында Шымкент университетінің Тарих және география кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеген.

2008-2010 жылдары аралығында Құқықтану факультеті деканының орынбасары болып қызмет атқарған.

2010-2012 жылдары Шымкент университеті президентінің сыртқы байланыс жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған.

2014 жылы Академиялық-инновациялық университетінде тарих мамандығы бойынша магистрлік диссертация қорғап, тарих ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған.

2014-2016 Шымкент университеті, Сыртқы байланыс және жұмыспен қамту бөлімі бастығы болып қызмет атқарған.

2016 жылдың 1 маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін Шымкент университеті, Педагогика факультетінің деканы болып қызмет атқарып келеді.

Үйленген. 2 қыз, 2 ұлы бар.

Ғылыми жұмыстармен үздіксіз айналысып, «Тарих» мамандығы бойынша 20-дан астам диплом жұмыстарына жетекшілік жасап, ғылыми басылымдар мен шет елдерде және елімізде ұйымдастырылған халықаралық, республикалық, аймақтық конференцияларда 30-ға тарта мақалалары жарияланып, 1 оқу құралы баспадан шыққан.

Қырғыз Республикасының «К.Акыевке 130 жыл» төсбелгісімен және республикалық, облыстық, университеттік алғысхаттармен марапатталған.


Факультет құрамы:

1. Факультет деканы – Мамбетов Бекзат Махмұтұлы

2. Факультет деканының орынбасары – Жанабаев Даурен Жұмағалиұлы

3. Аға әдіскер – Жұмағұлова Құралай Қадырбайқызы

4. Әдіскер – Туребаева Сағадат Даулетбекқызы

5. Әдіскер – Амирова Гүлнұр Опабекқызы. 

Жанабаев Даурен Жұмағалиұлы

Факультет деканының орынбасары

Жаратылыстану ғылымдары магистрі

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Байланыс телефоны: 87021013530

 

 

 

Жұмағұлова Құралай Қадырбайқызы

Педагогикалық ғылымдар магистрі

Аға әдіскер

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Байланыс телефоны 87474196188

 

 

Амирова Гүлнұр Опабекқызы

Педагогикалық ғылымдар магистрі

Әдіскер

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Байланыс телефоны 87022752555

 

 

Туребаева Сағадат Даулетбекқызы

Педагогикалық ғылымдар магистрі

Әдіскер

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Байланыс телефоны 87756580734


Факультет құрамы

Басшылық

Факультет тарихы

 

Педагогика факультетінің тарихы, ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Шымкент университетіне білім беру қызметіне берген мезгілі шектелмеген, мемлекеттік лицензия (серия АА №0000175) 2001 жылдан басталады.

Факультеттің құрылымдық бөлімдер туралы ережесінде мәртебе, тағайындау, құрылым, бөлімдерінің негізгі қызметі мен өкілеттігі, жауапкершілік пен құқықтары, басқа бөлімдермен өзара әрекеті белгіленген.

Факультет қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларына сәйкес лауазымға тағайындалған қызметкерлерге қойылатын квалификациялық талаптар, лауазымдық қызметтері, құқықтарымен жауапкершілігі анықталған.

ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2010 жылдың 03 ақпанда берілген АБ сериалы №0137423 мемлекеттік лицензиясының қосымшасына сәйкес, «Педагогика» факультеті 4 бағытта бакалавриаттық 13 мамандық және магистратураның 3 мамандығы бойынша дайындауды жүзеге асырады.

 

Педагогика факультетінде даярланатын бакалавриат

мамандықтарының тізімі

 

Мамандық коды

Мамандықтың аталуы

1

5В010200

Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

2

5В010300

Педагогика және психология

3

5В010600

Музыкалық білім

4

5В010700

Бейнелеу өнері және сызу

5

5В010800

Дене шынықтыру және спорт

6

5В010900

Математика

7

5В011100

Информатика

8

5В011200

Химия

9

5В011300

Биология

10

5В060700

Биология

11

5В070400

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

12

5В080100

Агрономия 

13

5В012000

Кәсіптік оқыту

 

Педагогика факультеті шығарушы магистратура

мамандықтарының тізімі

 

Мамандық коды

Мамандықтың аталуы

1

6М010300

Педагогика және психология

2

6М010900

Математика

3

6М011100

Информатика

 

Факультет ұжымы өз мамандығы мен университетіне берілген жауапкершілікті, жоғары шығармашылықты және ғылыми-әдістемелік потенциалға ие. Факультет студенттеріне тәжірибелі ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары дәріс жүргізеді. Қазіргі уақытта факультет еңбек нарығының талаптарына толық жауап беретін, профилі, құзіреттілігі мен мамандығы бәсекелесе алатын, академиялық орта құруға бағдарланған. Басымдылығы иновациялық типтегі ЖОО қалыптастыру болып табылатын университеттің  даму стратегиясы мен миссиясын орындауда.


5В050900 - Қаржы мамандығы

Оқу мерзімі: 4 жыл

Мамандық біліктілігі: қаржы бакалавры

Осы мамандық бойынша түлектер меншіктің  барлық нысандары мен қызмет сфералары кәсіпорындарында, қаржы және сақтандыру органдарында банк мекемелерінде, мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарда.

Қаржы жөніндегі бакалаврлар қаржыны жоспарлау мен болжау,реттеу,басқару және ұйымдастырумен, сондай-ақ оны бақылаумен, микро  және макродеңгейлерде ақша-кредит және фискалдық саясатты жүзеге асырумен шұғылданады.Осы профильдің бакалаврлары компанияның қаржылық жай-күйіне талдау жүргізуі, табыстарды көбейтуге, шығындар мен тәуекелдерді азайтуға жәрдемдесуі, нарықтың сапалы қаржылық қызметтер көрсету қажеттілін қанағаттандыруы тиіс.

 

5В030100 - Құқықтану

Оқыту мерзімі: 4 жыл

Мамандық біліктілігі: Құқықтану бакалавры

Кафедра 5B030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша мамандарды даярлайды. Кафедраның оқу процесін жоғары білікті мамандар, республиканың жетекші ЖОО-ң оқытушылары, сондай-ақ, тәжірибе жұмысы бойынша құндылықтарға ие құқық қорғау органдарының өкілдері де жүзеге асырады.

Берілген мамандықтың түлегі – бұл құқық саласындағы кәсіби қызметке даярланған, жоғары біліктілік пен аналитикалық ойлауды талап ететін өз бетінше мемлекеттік органдарда, шаруашылық субъектілерде және қоғамдық ұйымдарда жұмыс істей алатын маман.  

Ол қоғамның мемлекеттік-құқықтық құрылымын біледі, барлық деңгейдегі мемлекеттік басқару органдарының жүйесін, сот жүйесін, прокуратура және адвокатура органдарының жүйесін, олардың өкілеттіліктерін ажырата алады.           

Азаматтық және қылмыстық құқықтың заңнамаларын, еңбек, қаржы және тағы басқа құқықтық қатынастардың саласын жетік меңгереді, сондай-ақ, құқық қолданушылық қызметі бойынша теориялық және тәжірибелік қабілеттіліктеріне де ие болады.


Кафедраның өндірістік базасы келесідей мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде анықталған: 

1) Ішкі істер Департаменті

2) Мемлекеттік кіріс Департаменті (аль-Фараби және Еңбекші аудандары бойынша)

3) Жеке сот орындаушалар

4) Нотариустер

5) Адвокаттар алқасы

6) АҚ Казкоммерцбанк

7) АҚ Халық банкі


© 2001 - 2024 Шымкентский Университет

Info:

Email: shu2050@mail.ru
Tel: 8 (7252) 55-58-61