Мекен-жайы: Шымкент қ.,Тассай шағын ауданы, 225 - квартал 426 ғимарат
«Қаржы және құқықтану» кафедрасы, № 418 кабинет
Сымтетік: +7 (7252) 55–58–61; 77013600197
Е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Э.ғ.к., аға оқытушы Сергазиева М.Р. «Қаржы және құқықтану»
кафедрасының меңгерушісі
Кафедра меңгерушісі
Сергазиева Мадина Расылхановна 19 қараша 1979 жылы Шымкент қаласында дүниеге келді. 2001 жылы М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін бітіріп, біліктілігі - экономист. 2005 жылы Х.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-да Экономика мамандығы бойынша магистратураны «үздік» дипломға бітірген сонымен қатар 2007 жылы аспирантураның күндізгі бөлімін бітіріп, одан әрі кандидаттық диссертациясын Х.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің жанындағы Д 14.61.15 Диссертациялық кеңесінде 08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару мамандығы бойынша диссертациясын сәтті қорғаған. 2009 жылдан бастап Шымкент университетінде жұмыс атқарады, 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Қаржы және құқықтану" кафедрасының меңгеруші қызметіңде. 30-дан астам ғылыми мақала, 2 оқу құралы баспадан шыққан. 2017 ж. ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Қаржы және құқықтану кафедрасы
2019-2020 оқу жылы
Қаржы және құқықтану кафедрасы 2001 жылы экономика және құқықтану кафедраларының негізінде құрылды. Кафедра қызметінің негізгі бағыттары: кәсіпорынның, екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметі, салық салу, сот ісі, азаматтық және қылмыстық құқық салаларында ғылыми-зерттеу және оқытушылық қызмет.
Кафедра студенттері 6B04103 - «Қаржы» және 6B04201 «Құқық» мамандықтары бойынша білім алуда. 2019-2020 оқу жылында жаңа білім беру бағдарламасына бойынша дайындық жүргізілуде: В046 «Қаржы», «бакалавриат» және 6B042 «Құқық» мамандығы (бакалавриат).
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы 33 адамды құрайды, оның ішінде 3 ғылым докторы, 17 ғылым кандидаттары және 13 аға оқытушылар мен магистрлер. «Қаржы және құқық» кафедрасының ғылыми дәрежесі 60% құрайды. Кафедра профессоры Купешев Ш.К. Халықаралық инженерлік ақпараттандыру академиясының академигі, сонымен қатар бірінші санаттағы судья, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген судьясы Темір Ө.Т кафедрада дәріс береді
Кафедра Самарканд экономика және сервис институтымен (Өзбекстан), Ош мемлекеттік заң университетімен (Қырғызстан), Қырғыз-қазақ университетімен (Қырғызстан), Алматы университетімен, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен, А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетімен және басқа да университеттермен жемісті ынтымақтастық жүргізуде.
Кафедра студенттері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласының әл-Фараби және Еңбекші аудандарының Мемлекеттік кірістер басқармасында, АҚ «Банк ЦентрКредит» «АТФ Банк» АҚ; Қаратау аудандық сотында, Әділет басқармасында, жеке нотариустарда және т.б. өндірістік және дипломалды тәжірибеден өтеді; Түркістан облысы прокуратурасы мен Шымкент Университеті арасындағы ынтымақтастық пен серіктестік туралы Меморандум аясында іс-жүзінде жұмыстар атқарылуда.
Соңғы 3 жылда кафедра түлектерінің жұмысқа орналасуы 78% құрады. Түлектер мемлекеттік және қаржылық несие ұйымдарында, коммерциялық банктерде, салық және құқық қорғау органдарында, соттарда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сондай-ақ жеке құрылымдарда жұмыс істейді.
Қазіргі таңда кафедра түлектері еліміздің барлық аймақтарында жұмыстар атқаруда. Мысалы: Кенесов Серік Сайрам аудандық сотының бас маманы, Алимкулов Баглан «ҚТЖ» АҚ Алматы-Орал поездының бастығы, Рахматуллаев Шахжахон - «АТФ Банк» АҚ Бөлшек сауда бөлімінің бастығы, Оңласбайұлы Нұржан – Түркістан қалалық полиция бөлімінің жедел уәкілі.
Кафедрамыздың түлектері туралы жұмыс берушілер оң баға беріп, «Алғыс хаттармен» марапаттап отырады. Қаржы және құқық кафедрасының негізінде Қаратау аудандық сотының және Қазақстандық кәсіби медиаторлар мен заң кеңесшілерінің ассоциациясының көмегімен Мециация кабинеті (419 каб.) ашылды, онда кафедра мүшелері және заң мамандығының студенттері азаматтық дауларды сондай ақ санаты жағынан жеңіл мәселелерді шешуге кеңес береді.
Қаржы және құқықтану кафедрасын экономика ғылымдарының кандидаты Серғазиева Мадина Расылханқызы басқарады.