Жоғары білім заманауи мамандылықтың маңызды бөлігі болып табылады.

Біздің университетке түсу үшін қажетті мағлұматтарды біліңіз:

Не үшін Шымкент университеті:

Құрметті талапкер!

Біздің университет сіздердің болашақтарыңыз жарқын әрі табысты болғанын қалайды. Университетте студенттердің заман талабына сай білім алуына қажетті жағдайлар жасалынған. Әр жыл сайын мүмкіндіктерде артуда. Білім ордамызда арнайы компьютер класстары, интерактивті тақтамен жабдықталған арнайы кабинеттер, лингафон кабинеттері және басқа да арнайы пәндерден зертханалар жұмыс істейді. Университет ғимаратында орналасқан кітапхана білімгерлерге қызмет көрсетеді.

  • Білім беру жүйесі мен бағдарламалары әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінің оқыту жүйелеріне негізделген.
  • Жаһандық бәсекеге қабілетті мамандар әзірлей алады.
  • 24 мамандық бойынша білім алу мүмкіндігіңіз бар.
  • 17 жылдан бері білім беру нарығында келе жатқан жоғарғы оқу орны
  • Халықаралық академиялық ұтқырлық
  • Білімгерлерге жеңілдіктер қарастырылған:
    • Ректор гранты;
    • Спорттық жетістіктер бойынша;
    • Әлеуметтік жағдайы бойынша;

 

  • 7500 студент; 14 студенттік клуб;
  • Электронды кітапхана қоры 420 000
  • 400 орындық жатақхана

 

 

 

Біздің мамандықтар:

Бакалавр мамандықтары

5В010200-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

5В010300-Педагогика және психология

5В010600-Музыкалық білім

5В010700-Бейнелеу өнері және сызу

5В010800-Дене шынықтыру және спорт

5В010900-Математика

5В011100-Информатика

5В011200-Химия

5В011300-Биология

5В011400-Тарих

5В011600-География

5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті

5В011800-Орыс тілі мен әдебиеті

5В011900-Шетел тілі: екі шет тілі 

5В012000-Кәсіптік білім

5В012100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

5В030100-Құқықтану

5В050100-Әлеуметтану

5В050600-Экономика

5В050800-Есеп және аудит

5В050900- Қаржы

5В060700-Биология

5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

5В080100-Агрономия

 

Магистратура мамандықтары

6М010300-Педагогика және психология

6М010900-Математика

6М011700-Қазақ тілі мен әдебиеті

6М050600-Экономика

6М050800-Есеп және аудит

6М060200-Информатика

6М011300- Биология

 

Талапкер күнтізбесі

2018 жылдың 1.06- 20.06 аралығында          

 

ТКТ-қа өтініш қабылдау

 

2018 жылдың  20.06- 07.07 аралығында

 

Шығармашылық емтихан тапсыруға өтініштерді қабылдау

2018 жылдың 20.06- 01.07 аралығында       

ҰБТ тапсыру

2018 жылдың 17.07-  23.07 аралығында       

ТКТ тапсыру

2018 жылдың 27.07 – 5.08 аралығында       

Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсы

 

2018 жылдың 10.07-28.07 аралығында       

 

Университеттің қабылдау комиссиясы студенттерді оқуға қабылдайды

 

2018 жылдың 1.07- 20.08 аралығында       

Ағылшын тілін білу деңгейін анықтауға арналған тест

 

2018 жылдың  8.07-13.07 аралығында

 

Шығармашылық емтихан тапсыру

 

Қажетті құжаттар

 – жалпы орта білім туралы (аттестат қосымшасымен), кәсіптік орта немесе жоғары білім (диплом қосымшасымен) туралы құжат;

 – 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;

 – 086-У нысанындағы медициналық анықтама (флюорографиялық сурет қажет), егу картасының көшірмесі;

 –ҰБТ/ТКТ сертификаты;

 – білім беру грантын тағайындау туралы куәлік (болған жағдайда);

 – жеке куәлік және оның көшірмесі, туу туралы куәлік және оның көшірмесі (егер талапкердің жасы 18-ге толмаған болса);

 – тіркеу куәлігінің не әскери билеттің куәлігі (күндізгі бөлімге түсетін жігіттер тапсырады).

 

Шымкент Университетіне   оқуға қабылдаудың ережесі.

 

         1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі), жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар адамдар қабылданады.

      3. Шымкент Университетіне   түсуші тұлғаларды оқуға қабылдау өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады.
 

      4. Шымкент Университетіне   түсуші тұлғаларды қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі - ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы балдарға сәйкес  олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

      5. Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білім беру ұйымдарының бітірушілері, халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, ҰБТ-ға қатыспаған жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері, қазақ және орыс тілдерінде оқытпайтын жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері, сондай-ақ оқу орнын шетелде бітірген тұлғалар үшін өткізіледі.


      5-1 Шекті балды алмаған ҰБТ қатысушылары, нәтижелері жойылған қатысушылар және ҰБТ-ға қатыспаған адамдар үшін, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын жағдайларды қоспағанда, жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ қайта өткізіледі.

      5-2. Белгіленген шекті балды алмаған кешенді тестілеудің қатысушылары, нәтижелері жойылған қатысушылар және кешенді тестілеуге қатыспаған адамдар үшін «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын жағдайларда жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдау үшін кешенді тестілеу қайта өткізіледі.

      5-3. Шымкент Университетіне   осы Үлгілік қағидалардың 5-1 және 5-2-тармақтарында көзделген ҰБТ немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидалардың 37-тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдарды ақылы негізде қабылдауы мүмкін.
      Бұл адамдар үшін жоғары оқу орнында білім алудың бірінші академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін ҰБТ немесе кешенді тестілеу өткізіледі. Осы Үлгілік қағидалардың 37-тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдар осы ҰБТ немесе кешенді тестілеудің қорытындылары бойынша жоғары оқу орнынан шығарылуға тиіс.
      6. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші тұлғаларды ақылы негізде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындары жүзеге асырады.
      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар (колледж) тұлғаларды жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқартылған мерзім бойынша ұқсас мамандықтарға оқуға қабылдау кешенді тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
      Ұқсас мамандықтар тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      Жоғары білімі бар тұлғаларды жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқартылған мерзімге оқуға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
      7.    Шетел азаматтарын ақылы негізде жоғары оқу орындарына қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу түрінде жүзеге асырылады.

     8.   Педагогикалық мамандықтарға, арнаулы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға оқуға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады. Мамандықтар тізбесі және арнаулы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібі осы Үлгілік қағидалардың 1.1-бөлімінде белгіленеді.

1-1. Мамандықтар тізбесі және арнаулы немесе шығармашылық
емтихандарды өткізу тәртібі

      1-1. Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші талапкерлер өздері таңдаған жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін шығармашылық емтихандар тапсырады.
      Шығармашылық мамандықтарға түсетін талапкерлер үшін тестілеудің мынадай екі пәні бойынша балдар ескеріледі: мемлекеттік немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы.
      Педагогикалық мамандықтарға түсуші талапкерлер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін арнаулы емтихан тапсырады.
      1-2. Педагогикалық мамандықтарға түсу кезіндегі арнаулы емтихан талапкерлердің педагогикалық қызметке бейімділігін айқындауға бағытталған.
      1-3. Шығармашылық емтихандар талапкерлердің бойында шығармашылық қабілеттердің және шығармашылық бағыттағы кәсіптерді меңгеруге тұлғалық алғышарттардың болуын анықтауға бағытталған.
      1- 4. Арнаулы немесе шығармашылық емтихан өткізілетін мамандықтар тізбесі осы Үлгілік қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
      1- 5. Педагогикалық мамандықтарға түсуші талапкерлер бір арнаулы емтихан тапсырады.
      1- 6. Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші талапкерлер екі шығармашылық емтихан тапсырады.
      1- 7. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін талапкерлерден өтініштер қабылдау және арнаулы емтихан өткізу жоғары оқу орындарында 20 маусым мен 18 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
      1- 8. Талапкерлерден шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер қабылдау өздері таңдаған жоғары оқу орындары орналасқан мекенжай бойынша 20 маусым мен 1 шілде аралығында жүзеге асырылады.
      Шығармашылық емтихан 2-7 шілде аралығында өткізіледі.
      1- 9. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны осы Үлгілік қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
      1- 10. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін емтиханды өткізу кезеңіне комиссиялар құрылады. Комиссия жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен құрылады, төрағасын қосқанда тақ саннан тұрады. Комиссия шешімі оның құрамының кемінде үштен екісі отырысқа қатысса заңды деп саналады. Комиссия шешімі емтиханға қатысушылар санының көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
      1- 11. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты және өткізілетін орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттарды қабылдау басталғаннан кешіктірілмей талапкерлердің назарына жеткізіледі.
      1- 12. Талапкер арнаулы және/немесе шығармашылық емтихан өткізу аудиториясына жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде жіберіледі.
      1- 13. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтихан басталғанға дейін талапкерлерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың және апелляцияға өтініштер қабылдаудың уақыты мен орны көрсетіледі.
      1- 14. Шығармашылық емтихандар 25 балдық жүйе бойынша, арнаулы емтихан – «өтті»/«өтпеді» деп бағаланады.
      1- 15. Шығармашылық емтихан бойынша 10-нан төмен балл алған немесе емтиханға келмеген адамдар осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді.
     

     1- 16. Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары бағалау ведомостарымен, арнаулы емтихан – жіберу ведомосымен, комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді және жауапты хатшыға (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі. Комиссия хаттамасына төраға және комиссияның барлық қатысқан мүшелері қол қояды.
    

     1- 17. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткен күні жарияланады.
      

     1- 18. Талаптарды сақтауды және арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандарды бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешуді, емтихан өткізу кезеңінде арнаулы немесе шығармашылық емтиханды тапсырушы адамдардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында әрбір жоғары оқу орнында апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен құрылады. Комиссия құрамы, оның төрағасын қосқанда тақ саннан тұрады.
     

     1- 19. Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына арнаулы немесе шығармашылық емтиханды тапсырушы адам өзі тапсырады. Өтініш арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13-ке дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарайды.
     

    1- 20. Апелляциялық комиссия шешімі оның құрамының кемінде үштен екісі отырысқа қатысса заңды деп саналады. Арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім қатысушы комиссия мүшелері санының көпшілік даусымен қабылданады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және қатысушы комиссия мүшелерінің барлығының қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

2. Кешенді тестілеу өткізу

 

    1. Кешенді тестілеуге қатысу үшін түсуші Шымкент Университетінің  қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш, жалпы орта (орта жалпы) оқу орнын бітіргені туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы диплом (түпнұсқа), тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек, 3x4 көлеміндегі екі фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.

  

    1-1.  ҰБТ-ға немесе кешенді тестілеуге қатысу үшін талапкер  Шымкент Университетінің    қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті, жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білімі туралы құжатын (төлнұсқа), тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртекті, 3x4 көлеміндегі екі фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, сондай-ақ ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатын (бар болса) тапсырады.

   1-2.  ҰБТ-ға немесе кешенді тестілеуге қатысу үшін тиісті адамдар Шымкент Университетінің    қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті, тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртекті тапсырады.

   

    1-3. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 9 шілде аралығында, осы Үлгілік қағидалардың 5-1 және 5-2-тармақтарында көзделген ҰБТ-ға немесе кешенді тестілеуге – 1-8 тамыз аралығында, осы Үлгілік қағидалардың 5-3-тармағында көзделген ҰБТ-ға немесе кешенді тестілеуге – 5-12 қаңтар аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді.


          Шымкент  Университетіне  қабылдау

      1. Студенттер қатарына қабылдауды  Шымкент Университеті    қабылдау комиссиялары 10-28 тамыз аралығында өткізеді.
      Талапкерлер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары (жоғары кәсіптік) білімі туралы құжатын (төлнұсқа), 3х4 көлеміндегі 6 фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатын.

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін:
      1) еңбек кітапшасын;
      2) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған (бар болса) қызметтік тізімді (жұмысшының жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
      3) жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманы қоса береді.
     

      2.Осы Үлгілік қағидалардың 5-3-тармағына сәйкес қабылдау үшін адамдар Шымкент Университетінің    қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білімі туралы құжатын (төлнұсқа), 3х4 көлеміндегі 6 фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатын қоса береді.

 

 

           

 

Кабылдау комиссиясының мекен-жайы:                                 

  ОҚО Шымкент  қаласы Қаратау ауданы 160031

тел.: 8(7252) 55-58-61 Email:This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Квартал 225, Ғимарат 426

Маршруттар: №65, №44,  Ақсу-Шымкент,

 


Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 Қаулысы

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы 
 Үкіметінің       
2012 жылғы 19 қаңтардағы
 № 111 қаулысымен   
 бекітілген     

   Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

   1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленген.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі), жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар адамдар қабылданады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші тұлғаларды қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысын (білім беру грантын) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады.
      Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейде бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқық беріледі.
      Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші тұлғаларды қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі - ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
      5. Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білім беру ұйымдарының бітірушілері, халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, ҰБТ-ға қатыспаған жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері, қазақ және орыс тілдерінде оқытпайтын жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері, сондай-ақ оқу орнын шетелде бітірген тұлғалар үшін өткізіледі.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.30 № 896 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5-1. Осы Үлгілік қағидалардың 37-тармағында белгіленген шекті балды алмаған ҰБТ қатысушылары, нәтижелері жойылған қатысушылар және ҰБТ-ға қатыспаған адамдар үшін, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын жағдайларды қоспағанда, жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ қайта өткізіледі.
      Ескерту. Қағида 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5-2. Осы Үлгілік қағидалардың 37-тармағында белгіленген шекті балды алмаған кешенді тестілеудің қатысушылары, нәтижелері жойылған қатысушылар және кешенді тестілеуге қатыспаған адамдар үшін «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын жағдайларда жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдау үшін кешенді тестілеу қайта өткізіледі.
      Ескерту. Қағида 5-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5-3. Жоғары оқу орындары осы Үлгілік қағидалардың 5-1 және 5-2-тармақтарында көзделген ҰБТ немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидалардың 37-тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдарды ақылы негізде қабылдауы мүмкін.
      Бұл адамдар үшін жоғары оқу орнында білім алудың бірінші академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін ҰБТ немесе кешенді тестілеу өткізіледі. Осы Үлгілік қағидалардың 37-тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдар осы ҰБТ немесе кешенді тестілеудің қорытындылары бойынша жоғары оқу орнынан шығарылуға тиіс.
      Ескерту. Қағида 5-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші тұлғаларды ақылы негізде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындары жүзеге асырады.
      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар (колледж) тұлғаларды жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқартылған мерзім бойынша ұқсас мамандықтарға оқуға қабылдау кешенді тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
      Ұқсас мамандықтар тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      Жоғары білімі бар тұлғаларды жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқартылған мерзімге оқуға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
      7. Шетел азаматтарын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бөлінген квота бойынша мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған халықаралық жоғары оқу орындарына қабылдауды жоғары оқу орындары дербес жүзеге асырады.
      Шетел азаматтарын ақылы негізде жоғары оқу орындарына қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу түрінде жүзеге асырылады.
      8. Жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіммен бекітілген мөлшерде қабылдау квотасы белгіленеді.
      Ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген жоғары білім мамандықтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін жоғары білім берудің жекелеген мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар оқу орындарында жүзеге асырылады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      10. Педагогикалық мамандықтарға, арнаулы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға оқуға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады. Мамандықтар тізбесі және арнаулы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібі осы Үлгілік қағидалардың 1.1-бөлімінде белгіленеді.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
       11. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
       12. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

   1-1. Мамандықтар тізбесі және арнаулы немесе шығармашылық
емтихандарды өткізу тәртібі

      Ескерту. Қағида 1-1-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12-1. Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші талапкерлер өздері таңдаған жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін шығармашылық емтихандар тапсырады.
      Шығармашылық мамандықтарға түсетін талапкерлер үшін тестілеудің мынадай екі пәні бойынша балдар ескеріледі: мемлекеттік немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы.
      Педагогикалық мамандықтарға түсуші талапкерлер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін арнаулы емтихан тапсырады.
      12-2. Педагогикалық мамандықтарға түсу кезіндегі арнаулы емтихан талапкерлердің педагогикалық қызметке бейімділігін айқындауға бағытталған.
      12-3. Шығармашылық емтихандар талапкерлердің бойында шығармашылық қабілеттердің және шығармашылық бағыттағы кәсіптерді меңгеруге тұлғалық алғышарттардың болуын анықтауға бағытталған.
      12-4. Арнаулы немесе шығармашылық емтихан өткізілетін мамандықтар тізбесі осы Үлгілік қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
      12-5. Педагогикалық мамандықтарға түсуші талапкерлер бір арнаулы емтихан тапсырады.
      12-6. Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші талапкерлер екі шығармашылық емтихан тапсырады.
      12-7. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін талапкерлерден өтініштер қабылдау және арнаулы емтихан өткізу жоғары оқу орындарында 20 маусым мен 18 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
      12-8. Талапкерлерден шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер қабылдау өздері таңдаған жоғары оқу орындары орналасқан мекенжай бойынша 20 маусым мен 1 шілде аралығында жүзеге асырылады.
      Шығармашылық емтихан 2-7 шілде аралығында өткізіледі.
      12-9. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны осы Үлгілік қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
      12-10. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін емтиханды өткізу кезеңіне комиссиялар құрылады. Комиссия жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен құрылады, төрағасын қосқанда тақ саннан тұрады. Комиссия шешімі оның құрамының кемінде үштен екісі отырысқа қатысса заңды деп саналады. Комиссия шешімі емтиханға қатысушылар санының көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
      12-11. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты және өткізілетін орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттарды қабылдау басталғаннан кешіктірілмей талапкерлердің назарына жеткізіледі.
      12-12. Талапкер арнаулы және/немесе шығармашылық емтихан өткізу аудиториясына жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде жіберіледі.
      12-13. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтихан басталғанға дейін талапкерлерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың және апелляцияға өтініштер қабылдаудың уақыты мен орны көрсетіледі.
      12-14. Шығармашылық емтихандар 25 балдық жүйе бойынша, арнаулы емтихан – «өтті»/«өтпеді» деп бағаланады.
      12-15. Шығармашылық емтихан бойынша 10-нан төмен балл алған немесе емтиханға келмеген адамдар осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді.
      12-16. Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары бағалау ведомостарымен, арнаулы емтихан – жіберу ведомосымен, комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді және жауапты хатшыға (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі. Комиссия хаттамасына төраға және комиссияның барлық қатысқан мүшелері қол қояды.
      12-17. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткен күні жарияланады.
      12-18. Талаптарды сақтауды және арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандарды бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешуді, емтихан өткізу кезеңінде арнаулы немесе шығармашылық емтиханды тапсырушы адамдардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында әрбір жоғары оқу орнында апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен құрылады. Комиссия құрамы, оның төрағасын қосқанда тақ саннан тұрады.
      12-19. Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына арнаулы немесе шығармашылық емтиханды тапсырушы адам өзі тапсырады. Өтініш арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13-ке дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарайды.
      12-20. Апелляциялық комиссия шешімі оның құрамының кемінде үштен екісі отырысқа қатысса заңды деп саналады. Арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім қатысушы комиссия мүшелері санының көпшілік даусымен қабылданады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және қатысушы комиссия мүшелерінің барлығының қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
      12-21. Жоғары оқу орындары меншік нысанына қарамастан күнтізбелік бес күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті, сондай-ақ арнаулы немесе шығармашылық емтихан қорытындылары туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.

   2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі.
Кешенді тестілеу өткізу

      Ескерту. 2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Кешенді тестілеу тізбесі білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілетін тестілеу өткізу пункттерінің базасында (базалық жоғары оқу орындары) өткізіледі.
      Шығармашылық мамандықтарға түсетін, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсетін тұлғаларды кешенді тестілеу тұлғаның таңдаған жоғары оқу орны бекітілген базалық жоғары оқу орнында өткізіледі.
      14. Жергілікті жерде ұйымдастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және тәртіпті сақтау үшін білім беру саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша жоғары оқу орындарынына түсетін тұлғаларға кешенді тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялар (бұдан әрі - мемлекеттік комиссия) құрылады.
      15. Кешенді тестілеуді өткізу технологиясының сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін базалық жоғары оқу орындарына білім беру саласындағы уәкілетті органның өкілдері жіберіледі.
      16. Кешенді тестілеуге қатысу үшін түсуші жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш, жалпы орта (орта жалпы) оқу орнын бітіргені туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы диплом (түпнұсқа), тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек, 3x4 көлеміндегі екі фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.02.2013 № 110 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      16-1. Осы Үлгілік қағидалардың 5-1 және 5-2-тармақтарында көзделген ҰБТ-ға немесе кешенді тестілеуге қатысу үшін талапкер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті, жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білімі туралы құжатын (төлнұсқа), тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртекті, 3x4 көлеміндегі екі фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, сондай-ақ ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатын (бар болса) тапсырады.
      Ескерту. Қағида 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      16-2. Осы Үлгілік қағидалардың 5-3-тармағында көзделген ҰБТ-ға немесе кешенді тестілеуге қатысу үшін тиісті адамдар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті, тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртекті тапсырады.
      Ескерту. Қағида 16-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      17. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 9 шілде аралығында, осы Үлгілік қағидалардың 5-1 және 5-2-тармақтарында көзделген ҰБТ-ға немесе кешенді тестілеуге – 1-8 тамыз аралығында, осы Үлгілік қағидалардың 5-3-тармағында көзделген ҰБТ-ға немесе кешенді тестілеуге – 5-12 қаңтар аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      18. Осы Үлгілік қағидалардың 5-тармағында көзделген кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі. Осы Үлгілік қағидалардың 5-1 және 5-2-тармақтарында көзделген ҰБТ немесе кешенді тестілеу 19-24 тамыз аралығында өткізіледі. Осы Үлгілік қағидалардың 5-3-тармағында көзделген ҰБТ немесе кешенді тестілеу 20-24 қаңтар аралығында өткізіледі.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      19. Кешенді тестілеу түсушілердің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде төрт пән: мемлекеттік немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша өткізіледі.
      Таңдау пәндері және ҰБТ мен кешенді тестілеудің бейінді пәндері көрсетілген мамандықтар тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      20. Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      21. Кешенді тестілеу өткізу кезінде бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға, емтихан материалдарын алмастыруға, көшіріп жазуға, оқулықтар мен басқа да әдістемелік әдебиеттерді, байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефон) аудиторияға кіргізуге жол берілмейді.
      22. Талапкер осы Үлгілік қағидалардың 21-тармағын бұзған жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті органның өкілі осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыйым салынған заттардың табылғаны және үміткерді шығару актісін жасайды және тестілеу нәтижелерін жою туралы шешім қабылдайды.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      23. Кешенді тестілеуге берілген уақыт аяқталғаннан кейін талапкер емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті органның өкілі осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасайды. Бұл ретте аталған адамның емтихан материалдарының нәтижелері өңделмейді.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      24. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 25. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы бір балмен бағаланады.
      25. Кешенді тестілеу нәтижелерін өңдеу кешенді тестілеу жүзеге асырылған жоғары оқу орнында өткізіледі.
      26. Дұрыс жауаптар коды тестілеу нәтижелерін өңдеу аяқталғаннан кейін ілінеді.
      27. Кешенді тестілеу нәтижелерін мемлекеттік комиссия тестілеу өткізілген күні жариялайды.
      28. Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша әрбір тестілеуге қатысушыға белгіленген үлгідегі сертификат толтырылады, оны мемлекеттік комиссия тестілеу өткеннен кейінгі күнтізбелік үш күн ішінде береді.
      29. Тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптарды сақтауды және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, кешенді тестілеуге қатысушылардың құқығын қорғау мақсатында тестілеу өткізу кезеңінде Апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі – Республикалық апелляциялық комиссия) және әрбір базалық жоғары оқу орнында апелляциялық комиссия құрылады.
      Апелляциялық комиссия кешенді тестілеудің нәтижелерімен және/немесе тест тапсырмаларының мазмұнымен келіспеген тұлғалардың өтініштерін қарау үшін құрылады.
      Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
       30. Апелляциялық комиссияның төрағасы оның мүшелерінің арасынан білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі, ал оның құрамын кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы бекітеді. 
      31. Апелляциялық комиссия тестілеуге қатысушылардан тест тапсырмаларының мазмұны мен техникалық себептер бойынша түскен өтініштерді қабылдайды және қарайды, Республикалық апелляциялық комиссияға тұлғаға балдар қосу туралы ұсыныс енгізеді және оны апелляцияның қорытындылары туралы хабардар етеді.
      32. Апелляцияға берілетін өтінішті тестілеуге қатысушының өзі апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Тест тапсырмаларының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер кешенді тестілеу нәтижесі хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады. Өтініш берушінің өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаты, тестілеуге жіберу рұқсаттамасы болуы керек.
      Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
      Апелляциялық комиссияның жұмысын апелляциялық комиссияның төрағасы басқарады.
      33. Тестілеудің нәтижесімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және комиссияның барлық мүшелерінің қолдары қойылған хаттамамен ресімделеді.
      34. Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссияның тұлғаға балдар қосу туралы ұсынысының негіздемесін қарайды және шешім қабылдайды.
      Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауысы шешуші болып табылады.
      Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.

       Жоғары оқу орындарына қабылдау

      35. Студенттер қатарына қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары 10-28 тамыз аралығында өткізеді.
      Талапкерлер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары (жоғары кәсіптік) білімі туралы құжатын (төлнұсқа), 3х4 көлеміндегі 6 фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатын, сондай-ақ білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса) қоса береді.
      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін:
      1) еңбек кітапшасын;
      2) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған (бар болса) қызметтік тізімді (жұмысшының жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
      3) жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманы қоса береді.
      Осы Үлгілік қағидалардың 5-3-тармағына сәйкес жоғары оқу орнына қабылдау үшін адамдар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білімі туралы құжатын (төлнұсқа), 3х4 көлеміндегі 6 фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатын қоса береді.
      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      36. Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік алған тұлғалар куәлікте көрсетілген жоғары оқу орнына қабылдау туралы өтініш береді және жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.
      Шығармашылық мамандықтар бойынша білім беру грантын тағайындау туралы куәлік иегерлері өздері арнайы (шығармашылық) емтихан тапсырған жоғары оқу орындарына қабылданады.
      37. Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға тестілеу нәтижелері бойынша мынадай пәндерден: мемлекеттік немесе орыс тілінен (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен кемінде 70 балл, ал «Білім беру», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария» мамандықтарының топтары бойынша кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша кемінде 65 балл, оның ішінде бейінді пәннен кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10 балл), ал қалған пәндерден кемінде 4 балл жинаған, ҰБТ-дан өткен жалпы орта білім беру ұйымдарын ағымдағы жылы бітірушілер, кешенді тестілеуге қатысушылар қабылданады.
       Осы Үлгілік қағидалардың 5-3-тармағында көзделген ҰБТ немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидалардың 37-тармағында белгіленген шекті балды алған адамдар жоғары оқу орны басшысының атына ақылы негізде жоғары оқу орнына қабылдау туралы өтініш береді. 
      Өтінішке қосымша ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаты мен уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және мөрмен бекітілген транскрипт көшірмесі қоса беріледі.
      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.07.2014 № 769 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      38. ҰБТ немесе кешенді тестілеу шеңберінде тапсырылған пәндердің біреуінен 4 балдан кем жинаған тұлғалардың ақылы негізде оқуға қабылдануына немесе білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуына жол берілмейді.
      Оқуға қабылдау мамандықтар мен тілдік бөлімдер бойынша жеке жүргізіледі.
      Шығармашылық емтихандар белгіленген мамандықтарға қабылдау осы емтихандар бойынша алынған балдар есепке алына отырып жүргізіледі.
      Педагогикалық мамандықтарға қабылдау арнаулы емтиханның нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.
      Ескерту. 38-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      39. Ұшқыштарды даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орнына түсетін тұлғалар үшін дәрігерлік-ұшқыштық сараптау комиссиясының ұшқыштарды даярлау жөніндегі жоғары оқу орнында оқуына жарамдылығына медициналық қорытындыны бере отырып медициналық куәландыру міндетті.
      40. Оқуға түсуші екінші деңгейдегі банктер беретін білім беру кредитін ресімдесе, ол құжаттарының сол банкте қарастырылып жатқандығы туралы тиісті анықтаманы ұсынған жағдайда жоғары оқу орнының студенті қатарына қабылданады.
      Бұл ретте оған білім беру кредитін ресімдеу кезеңінде білім беру қызметін көрсету шартында белгіленген және азаматты оқуға қабылдауға дейінгі төлеуге жататын соманы төлеу мерзімін ұзарту ұсынылады. Бірақ ол банктен анықтама алған сәттен бастап төрт аптаға жарамды.
      41. Шет тілінде берілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы болуы тиіс.
      Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар тұлғалар оқуға қабылданғаннан кейін оқудың бірінші семестрі ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.
      42. Құқық қорғау және арнайы органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарының студенттері қатарына қабылдау медициналық, тәндік және психофизиологиялық көрсеткіштерін ескере отырып осы жоғары оқу орнының мандат комиссиясының сертификат балдарына сәйкес қабылдаған шешімі бойынша жүргізіледі.
      43. Меншік нысанына қарамастан жоғары оқу орындары білім беру саласындағы уәкілетті органға белгіленген нысан бойынша және белгіленген мерзімде ақпарат ұсынады, қабылдау өткізгеннен кейін он күндік мерзімде қабылдауды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қорытынды есепті, студенттерді қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмесін, сондай-ақ одан бас тартқан білім беру гранты иегерлері куәліктерінің түпнұсқасын және жоғары оқу орнына келмеген тұлғалардың мәліметтерін (Т.А.Ә., мамандығы) ұсынады.
      44. Осы Үлгі қағидалармен регламенттелмеген мәселелерді жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары дербес түрде шешеді.

  Жоғары білімнің білім беру     
бағдарламаларын іске асыратын білім
 беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың  
 үлгілік қағидаларына        
 1-қосымша             

Нысан

   Тыйым салынған заттардың табылғаны және аудиторияда тәртіп сақтау қағидаларын бұзған талапкерді аудиториядан шығару туралы акт

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

___________________________________________________________
(базалық жоғары оқу орны)

20_____ж. «____»__________              _______сағ. ________мин.

Министрлік өкілі ___________________________________________________
                      (тегі, аты, әкесінің аты)

Аудитория кезекшісі ________________________________________________ 
                             (тегі, аты, әкесінің аты)

Талапкер: Т.А.Ә. ____________________________________________
ТЖК_____________, аудитория №______, орын №______, нұсқа №____

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 21-тармағының бұзылғандығын дәлелдейтін төмендегі заттар табылды:
___________________________________________________________________
(ұялы телефонның маркасы, саны және қажет болған жағдайда басқа да мәліметтер, мәліметтері бар шпаргалка және т.б.)

                 Осы фактіні есепке алып қаулы етілді:
- емтихан материалдары алынсын;
- талапкер: Т.А.Ә. _______________________________________________,
ТЖК_____________№__ аудиториядан шығарылсын және тестілеу нәтижелері жойылсын.
____________________________________________________________________
(осы актіні жасаған тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты және қолдары)

актімен таныстым: __________________________________________________
                    (талапкердің тегі, аты, әкесінің аты, қолы)
актімен таныстым: __________________________________________________
(базалық жоғары оқу орнының жауапты хатшысының тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

М.О.
(базалық жоғары оқу орнының мөрі)

Уақыты:_____________

  Жоғары білімнің білім беру     
бағдарламаларын іске асыратын білім
 беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың  
 үлгілік қағидаларына        
 2-қосымша            

Нысан

   Тестілеу уақыты аяқталғаннан кейін талапкердің емтихан материалдарын уақтылы тапсырмау фактісін анықтау актісі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

_________________________________________________
(базалық жоғары оқу орны)

20___ж. «___»__________                     _______сағ. ________мин.

      Министрлік өкілі _____________________________________________
                             (тегі, аты, әкесінің аты)
аудитория кезекшісі ________________________________________________
                             (тегі, аты, әкесінің аты)
      Талапкер: Т.А.Ә.____________________________________,
      ТЖК___________№_____аудитория, №_______ орын, _________нұсқа

тестілеу уақытының аяқталуына байланысты емтихан материалдарын уақтылы тапсырудан бас тартты бұл Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 23-тармағын бұзу болып табылады.

                Осы фактіні есепке алып қаулы етілді:
- емтихан материалдары алынсын;
- талапкер: Т.А.Ә._______________________________________,
      ТЖК __________________________________________________________

№__аудиториядан шығарылсын және тестілеу нәтижелері жойылсын.
___________________________________________________________________
(осы актіні жасаған тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты және қолдары)
актімен таныстым: ___________________________________________________
                    (талапкердің тегі, аты, әкесінің аты, қолы)
актімен таныстым: ___________________________________________________
(базалық жоғары оқу орнының жауапты хатшысының тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

М.О.
(базалық жоғары оқу орнының мөрі)
Уақыты:___________


 

 

 

  • 7М01101-Педагогика және психология
  • 7М01501-Математика
  • 7М01502 Биология
  • 7М01505 Химия
  • 7М01507 Информатика
  • 7М01701-Қазақ тілі мен әдебиеті
  • 7М01711 Шет тілі:екі шет тілі
  • 7М04101 Экономика
  • 7М04102 Есеп және аудит

 

 

 

 

 

 


Шымкент Университеті Жастар ұйымыныңжанынан ашылған

ҮЙІРМЕЛЕР:

 

1        «Гитара» үйірмесі.

Үйірменің мақсаты: Жастарды шығармашылыққа,тәрбиешілікке баулу.

Үйірме аптасына  төрт курсқа 2 реттен өтіледі. Үйірмеде 20 – дан астам қатысушы бар.

 

2 «Гәккулі мекен» Хор үйірмесі.

Үйірменің мақсаты: Болашақ ұрпаққа рухани-эстетикалық тәрбие беру, халықтың мәдениеті мен өзіндік көріністері мен мұрасын байланыстыру музыканың елеулі бір арнасы. Үйірме аптасына 4 рет болады. Үйірмеде 20 – дан аса қатысушы бар. Оның 7-уі сапрана,5-альт, 8-тенор және 3-бас партияларында.

 

3 «КТК»  жайдарман клубы

Үйірменің мақсаты: Көңілділер тапқырлар клубы болғандықтан жастарды сахна мәдениетін саналарына сіңдіре отырып,сөйлеу мәдениетін,сөздік қорын ұлғайту.

 

4 «Бүркіт» спорттық үйірмесі

Үйірменің мақсаты. Жастардың шынықтылығын,спорттық формасын қалыптастыру.

«Бүркіт» футзал командасы Жанболат Серимбетовтың баптауымен талай жүлделі орындарды алып,Оңтүстікке танымалдылығын арттыруда.

 

5 «Әділет» пікір-сайыс клубы.

Үйірменің мақсаты: Жастардың бойындағы адами,рухани байлығын арттыра отырып,зеректігін,алғырлығын алға тартып,білімді жастарды қолдау.

 

6  «Жас маман»үйірмесі.

Үйірменің мақсаты: Студенттерге қоғамдық әлеуметтік ортада және практикалық өмірде проблемалық ситуацияларды анықтауда қол жеткізіп, психологиялық дайындық процесін жүргізу.

 

7 «Жас ақын-жазушылар» үйірмесі

Үйірменің мақсаты: Бүгінгі таңдағы қазақ әдебиетінің даму бағытын студенттерге түсіндіру;Жас -ақын жазушылардың шығармаларын талдап , идеялық,көркемдік ерекшелігін саралау;Студенттердің поэзия өлкесіне ден қойып, өлеңнің танымдық-тәрбиелік мәнін оқырман бойына сіңдіру;Қалам ұстауға ықыласты студенттердің дамуына түрткі болу;Кешегі әдебиет пен жас ақын-жазушылар шығармашылығындағы байланыс , дәстүр жалғастығы  мен сарындас болған туындының арасындағы сәйкестікті ғылыми тұрғыда зерделеу ;Бүгінгі  жас ақын-жазушылардың шығармашылығына берілетін сын жанрын қалыптастыру;Студенттердің шешен ,оралымды, көркем, әдеби тілде сөйлеуіне көмекші болу;Қалам ұстаған ,өнерге таласы бар студенттердің ізденісін жетілдіру, өзіндік стилін қалыптастыру: 

 

8 «Дефилье» үйірмесі

Үйірменің мақсаты: Жастарды қазіргі заманға сай сән үлгілерімен таныстырып, шеберліктерін шыңдай отырып тіккен киімдерін жұртшылыққа таныстырып, түрлі деңгейдегі ұйымдастырылатын сән байқауларына қатысуына ықпал жасау.

 

9 «Тоғызқұмалақ» үйірмесі

Үйірменің мақсаты: Қазақтың ұлттық ойынын жастар арасында кеңінен насихаттап, студент жастарды түрлі жарыстарға қатыстыру. Баланың бойындағы ширақылық, байыптылық сынды қабілеттерін арттыру.


© 2001 - 2024 Шымкентский Университет

Info:

Email: shu2050@mail.ru
Tel: 8 (7252) 55-58-61